Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 5 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 5
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
15
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    Тарих пәнінің мұғалімі Н.Дүйсенбаев 9 «Ә» "Жас сарбаз" әскери сыныбында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын оқып талқылады. Мақсаты: жастарды тәрбиелеудегі әскери-патриоттық жалынын арттыру. Оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
15
ноябрь
2022
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
   «Қыз-жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева 5,6,7-сынып қыздарымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында жиналыс өтті. Қыздарға мектептің тәртіп ережесі қайта түсіндіріліп, қалыптасқан қағидаларды орындау ескертілді. Қыздар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ортаға салып, бір-бірімен ой бөлісті.
Тәрбие сағаты өткізілді
15
ноябрь
2022
Тәрбие сағаты өткізілді
    15 ноябрь «Ұлттық валюта» күніне орай 8 «ә» сынып жетекшісі Г. Құдиярова сыныбымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттап, валюавгуст теңгенің даму тарихы мен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын айтып өтті.
"ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ"
14
ноябрь
2022
"ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ"
    Шымкент қаласы бойынша Экономикалык теле тексеру басқарма басшысының орынбасары Дәурен Тұрғынбай мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларына «Қаржылық сауаттылықты арттыру» тақырыбында әңгіме- кеңес өткізді. Мақсаты: әлеуметтік желілерде жүріп жаткан (қаржылық пирамида, инвестиция, криптовалюта, букмекерлік сайттар т.б) жарнамаларға еріп, алаяқтардың құрығына түсудің алдын-алу.     Школьникам қазіргі таңда түрлі жарнама арқылы немесе телефон шалу арқылы көптеген азаматтар алаяқтарға алданып
"СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ"
14
ноябрь
2022
"СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ"
    Мектебіміздің «Өнеге» тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Сөйлеу әдебін білеміз бе?» тақырыбында ұлдар кеңесі өтті. Сөйлеу–қоғамдық сипаты мол қасиет. Сөйлеу мәдениеті дегенге тек сыпайы сөйлеу деген ұғым қалыптаспауы керек. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасат өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Кей жағдайда үйде де, көшеде де, қоғамдық орындарда да бірқатар жастардың бір-бірімен қарым-қатынас жасағанында, әңгімелескенінде қалай болса солай сөйлейтіні,
Ашық жиналыс өткізілді
14
ноябрь
2022
Ашық жиналыс өткізілді
6«А» "Смарт сарбаз", 9«Ә» "Жас сарбаз", 7«Ғ» "Жас құтқарушы" сынып оқушыларының ата-аналар комитеттеріне мектеп директоры Г.А.Пржанова ашық жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты: оқушылардың білім сапасы мен тәрбиесіне аса көңіл бөлу, оқуға деген белсенділігін арттыру, алдағы жоспарларды біріге отырып жүзеге асыру.
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
14
ноябрь
2022
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
    Мектебімізде оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері  "Дублер" күнін қайта өткізді. Оқушылар өздеріне тапсырылған әрбір жұмысты жауапкершілікпен атқарып, әрбір маман иесінің өз қиындығы бар екенін тағы да ұғына білді.
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
12
ноябрь
2022
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
   Мектеп психологы - бұл эмоционалдық, әлеуметтік және әр жастағы баланың психологиялық тұрғыда дұрыс даму мәселелермен айналысатын балаларға көмек көрсету үшін білім беру жүйесінде жұмыс істейтін психолог маманы. Мектеп психологиясының мақсаты - ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын салауатты білім беру ортасын дамытуға көмектесу.
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
10
ноябрь
2022
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира 3”А” сынып оқушыларымен “Мен ақылды баламын” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар өздерінің танымдық процесін психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы дамытты. Тренинг барысында оқушыларды 2-топқа бөліп, сайыс түрінде ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар тренингке белсенді қатысып отырды.
«БАЛАНЫҢ  БАС  ҰСТАЗЫ — АТА-АНА»  ТРЕНИНГІ
09
ноябрь
2022
«БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ — АТА-АНА» ТРЕНИНГІ
  №68  ЖОББМ директоры  Г.А.Пржанова 8-11 сынып   оқушыларымен «Баланың  бас ұстазы  ата-ана» тренингін жүргізді. Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.