Материалы за 17.11.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 17.11.2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
17
ноябрь
2022
"ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ—МӘНШҮК"
 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасында, Мәншүк Маметованың 100 жылдығына орай, «Қазақ даласының қайсар қызы— Мәншүк» библиографиялық шолу іс-шарасын кітапханашылар Х.Қуашбаева, Л.Лауланбекова және 8"б" сынып жетекшісі Г.Саугановалар ұйымдастырып өткізді. Оқушылар Кеңес Одағының батыр қызы Мәншук Маметованың өмірбаянымен танысып, батыр қыздың ерлігін еске ала отырып, ерлік туралы өлең тақпақтар айтып, өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
17
ноябрь
2022
«ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП» ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапхана активтері, 9«Г» сынып оқушылары Сейдуалы Жібек және Төребек Алтынай 4«В» сынып оқушыларымен «Тіл мен маймыл» ертегісін оқып талқылады. Оқушылар ертегіні оқып, кейіпкерлерді сомдай отырып, дауыс ырғағын салып ертегі туралы өз ойларын ортаға салды.
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
17
ноябрь
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ!" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
     Мектеп директоры Г.А.Пржанова және мектеп психологтары Г.Жұмахметова, Г.Сахидқызы мектебімізге жаңадан келген оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз!” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.Тренингті өткізудегі мақсат: жаңадан келген оқушылардың мектепке, сыныбына тез бейімделіп , барлық сыныптастарымен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар, достықты бағалай білуге үйрету.
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай,  Тәрбие сағаты өткізілді
17
ноябрь
2022
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай, Тәрбие сағаты өткізілді
15-ноябрь Ұлттық валюта күніне орай 2 «В» сынып жетекшісі М.Қилыбаева тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен оқушыларды таныстыра отырып, туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.