Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 2 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Ноябрь 2022 года » Страница 2
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
24
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп»  жобасы аясында  кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханашы Л.Лауланбекова 8 «Ә» сынып оқушыларымен "20 минуттық оқу" өткізді. Жамбулбек Асылзат Николай Носовтың «Дымбілместің айға саяхаты» кітабының қызықты тұстарын айтса, Әмірбай Балауса осы автордың «Дымбілмес күн қаласында» кітабы туралы ойын айтып өтті. Құдретәлі Бибінұр түрік авторы Гузел Яхинаның «Зулейханың оянуы» кітабын оқуға кеңес берді. Барлық оқушы өз ойларын айта отырып, бос уақытты тиімді өткізу
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
ноябрь
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Г.А.Жұмахметова  мектебімізге жаңадан келген 8-11сынып оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушыларға “Дос деген кім?”, ”Дос қандай болады?”, “Досың барма?”деген сұрақтар қойылып, достықты бағалай білуге үйрететін бейнеролик көрсетіліп, балалардан бейнероликтен не түсінгені жайлы кері байланыс алынды. Оқушылар тренингке жақсы белсенділікпен қатысып, тренингтің жақсы өтуіне ат салысты.
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
ноябрь
2022
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп директоры Г.А.Пржанова 9«Ғ» сынып оқушыларымен "Қарым - қатынасты жақсарту" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты, оқушылардың  қарым-қатынас мәдениетін жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
23
ноябрь
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері М.Ермеков және Г.Капашевалар  9"Г"сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойын сайысын сыныптан тыс  өткізді. Сайыстың  мақсаты, қазіргі заман талабына сай білімді оқушыларды додаға түсе білуге, өз білімдерін көрсете алуға шыңдау.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢI ӨТТІ.
22
ноябрь
2022
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢI ӨТТІ.
   Шымкент қаласы бiлiм баскармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектепте Дарын орталығының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олемпиаданың 2-шi (аудандық) кезеңі 2022 жыл 22-ноябрь күнi сағат 10:00 мен 15:00 арасында ашықтық пен академиялық адалдықты сақтай отырып, www.daryn-shymkent.kz веб-сайты арқылы онлайн форматта, Биология, География, Информатика пәндері бойынша YouTube каналында тiкелей трансляциясымен өтті. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!»
22
ноябрь
2022
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!»
    7 «В» сынып жетекшісі А.Е.Тюльтебаева «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға зорлық - зомбылықтың түрлерін түсіндіріп, оның алдын алу жолдарын айтып өтті. Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі болғандықтан, жаман әрекеттерге бармау, әлім-жеттік көрсетпеу, спортпен шұғылданып, өз денсаулықтарын басты назарда ұстау. Әр бала өз ойларын постермен қорғап, эссе жазды.
«ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН»
21
ноябрь
2022
«ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН»
    Бурабай қаласында, "Балдәурен" демалыс орнында Халықаралық қолөнер шеберлері, кәсіби суретшілер мен көркем еңбек пәнінің педагогтарының арасында «ЭТНО-АРТ-ДИЗАЙН» бағытында өткізілген Халықаралық симпозиум көрмесіне қатысқан Общеобразовательная школа №68нің еңбек пәні мұғалімдері А.Турешова  мен З.Аблаевалар үздік туындысы үшін дипломмен және алғыс хатпен марапатталды. Преподавателиді мектеп директоры Г.Пржанова құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!
"Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
21
ноябрь
2022
"Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ"
   9 а сынып жетекшісі Абдусаметова Галия өз сыныбымен "Қатігездік пен зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар видео көрсетілім көріп, өз ойларымен бөлісті. Әрбір бала бақытты болуға лайық екендігі айтылып, сабақ "Жаман қасиеттерден арыламыз" атты психологиялық ойынмен жалғасын тапты.
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
21
ноябрь
2022
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
   5 «б» сыныбынын жетекшісі Әбдіқалық Жансая сыныбымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақта тақырыпқа сай видеоролик көрсетіліп, сауалнама алынды. Соңынан "Өз тағдырың, өз қолыңда!" тақырыбында эссе жазылды. Сабақтың мақсаты: баланың өз өмірі өз жауапкершілінде екенін түсіндіру.
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
21
ноябрь
2022
"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие
   5"Д" сынып жетекшісі Н.Серкебаева және 5"Ғ"сынып жетекшісі Ж.Абылаева "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты, оқушылардың өз құқықтарын білуге, еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.