Материалы за 30.11.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 30.11.2022
"Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді
30
ноябрь
2022
"Б.П. Қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек"
  30.11.2022ж күні  мектебімізде тарих және қазақ тілі мұғалімдері арасында Американдық парламенттік форматындағы (АПФ) "Б.П. Қашықтықтан оқу  жүйесінің зиянынан пайдасы көбірек" тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Ойыншылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті мәселелерді талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Пән бірлестігінің сенімін арқалаған
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
30
ноябрь
2022
"САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙМЫЗ!" АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
  9-11 сынып оқушылары арасында "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салтын қолдаймыз!» тақырыбында волейболдан сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша I-орынды 11«А» сынып, II-орынды 11«Ә» сынып, III-орынды 10«Ә» сынып иеленсе, "Лучший ойыншы" номинациясын - Утегенов Қуаныш, "Лучший қорғаушы" номинациясын - Балабек Еркебұлан, "Лучший шабуылшы" номинациясын - Қуандық Есіл иеленді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
30
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Әжемнің ертегілері" тақырыбында "Асыл әжелер" клубының мүшесі 2"В" сынып оқушыларымен 20 минуттық оқу ұйымдастырды. Әжеміз оқушыларға «Бала айдаһар» ертегісін оқып, балалар ертегіден алған әсерлерімен бөлісті. Ертегілер балаларды білімге құштарлыққа, отансүйгіштікке, ұқыптылыққа, жақсы қасиеттерге баулиды.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
30
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында  5 "в" сынып жетекшісі Н.Дүйсенбаев сынып оқушыларымен Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" шығармасын оқып, талқылады. Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру. Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.