Материалы за 23.11.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 23.11.2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
ноябрь
2022
"БІЗ, БӘРІМІЗ ДОСПЫЗ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Г.А.Жұмахметова  мектебімізге жаңадан келген 8-11сынып оқушылармен “Біз, бәріміз доспыз” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушыларға “Дос деген кім?”, ”Дос қандай болады?”, “Досың барма?”деген сұрақтар қойылып, достықты бағалай білуге үйрететін бейнеролик көрсетіліп, балалардан бейнероликтен не түсінгені жайлы кері байланыс алынды. Оқушылар тренингке жақсы белсенділікпен қатысып, тренингтің жақсы өтуіне ат салысты.
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
23
ноябрь
2022
"ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ" АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп директоры Г.А.Пржанова 9«Ғ» сынып оқушыларымен "Қарым - қатынасты жақсарту" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты, оқушылардың  қарым-қатынас мәдениетін жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке, өзін және өзгелерді құрметтеуге, түсіне алуға, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
23
ноябрь
2022
"БІЛІМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР"
    Тарих және география бірлестігі "Білім көкжиегіндегі жаңа мүмкіндіктер" тақырыбында апталық өтті. Бірлестік мұғалімдері М.Ермеков және Г.Капашевалар  9"Г"сынып оқушыларымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойын сайысын сыныптан тыс  өткізді. Сайыстың  мақсаты, қазіргі заман талабына сай білімді оқушыларды додаға түсе білуге, өз білімдерін көрсете алуға шыңдау.