Материалы за Октябрь 2022 года » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Октябрь 2022 года
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
26
октябрь
2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
  Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ауданымыздың мектеп мұғалімдері арасында өткізілген футбол турнирінде «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталған денешынықтыру пәні мұғалімі Тілеу Әбілқайыр мектеп директоры Г.А.Пржанованың алғысына бөленіп, бүгінгі күннің үздігі атанды.
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
26
октябрь
2022
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу" жалғасын табуда. 2 "Д" сынып оқушылары, жетекшісі Л.Абенова балаларға арналған ертегі кітабын оқып, Мысық, тышқан және ит ертегісін талқылады. Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сомдап, диалог құрды.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
26
октябрь
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, 25 октябрь Республика күніне орай "Менің Отаным Қазақстан!" тақырыбында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханшы Л.Лауланбекова 5-9 сыныптар аралығында  мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында өлең шумақтар оқыды.
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
26
октябрь
2022
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
  Шымкент қаласының Кекушинкай каратэден 10-11 жас ерекшелігі бойынша 28 кг салмақта ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке мектебіміздің жас жеткіншектері 5 «Б» сынып оқушылары Аңсар Ерқанат пен Қалдыбай Нұрым қатысып, Аңсар Ерқанат ІІ орынды, Қалдыбай Нұрым ІІІ орынды иеленді. Ерқанат, Нұрым жарайсыңдар!!! Тек Алға!!! 
"ҚЫЗ-ӘДЕМІЛІК ПЕН ІҢКӘРЛІК СИМВОЛЫ"
25
октябрь
2022
"ҚЫЗ-ӘДЕМІЛІК ПЕН ІҢКӘРЛІК СИМВОЛЫ"
   «Асыл әже» клубының төрайымы Г.Бекайдарова және «Қыз жібек» ұйымының төрайымы М.Қосыбаева "Қыз-әдемілік пен іңкәрлік символы" тақырыбында 9«А,Б,Ғ» сыныптары арасында тәрбие сағатын өткізді. Қыздар тақырыпқа сай өздерінің ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты. Сабақтың мақсаты: қыздардың әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілмен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға үйрету.
"Бірлігі жарасқан Қазақстан!"
25
октябрь
2022
"Бірлігі жарасқан Қазақстан!"
 5«Ә» сынып жетекшісі Г.Ускенбаева оқушыларымен 25 октябрь Республика күніне орай "Бірлігі жарасқан Қазақстан!" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар Отанға деген ыстық ықыластарын, сүйіспеншілігін өлең шумақтары арқылы жеткізді.
РЕСПУБЛИКАМ—МАҚТАНЫШЫМ!
25
октябрь
2022
РЕСПУБЛИКАМ—МАҚТАНЫШЫМ!
  25 октябрь – Республика күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасының қосымша білім беру оқу салалық орталығы оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыру мақсатында өзін-өзі басқару ұйымы мектеп парламенті арасында «Республикам-мақтанышым» тақырыбында үздік репортаж байқауын хабарлаған еді.  №68 ЖОББМ 11 «А» сынып оқушысы Абилаш Жанайса Республика күні мерекесіне орай әскери сыныптар арасында өткен эстафеталық жарыс сайысы
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
24
октябрь
2022
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
Республика күніне орай ұйымдастырылған дзюдодан 2010-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілігі өтті. №68 жалпы орта білімберетін мектептің оқушылары жүлдемен оралды. 1-орынды Алмас Ринат, 2-ші орынды Төлеби Қуанышбаев, 3-орынды Аслан Алмас пен Бекарыс Ерсайынұлы иеленді.  ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
22
октябрь
2022
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ" САҒАТЫ
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы "Кел кітап оқимыз!" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен өткізіліп жатқан "20 минуттық кітап оқу" сағаты бойынша 2«Б» сынып оқушылары жетекшісі Қ.Оразова, «Өнердің күші» ертегісін, 2«Ә» сынып оқушылары жетекшісі Л.Орынбаева «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып, талқылады. Балалар ертегілер қамқор, мейірімді, адал болуға шақырады деп өз ойларын  ортаға тастады. Әрине, кітап оқу балалардың ой-өрісінің кеңеюіне зор үлес қосары анық.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
22
октябрь
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН"
   "25 октябрь Руспублика күніне" орай 6"Г" сынып жетекшісі Г.И.Анасова сыныбымен "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында оқушылар ұлттық рухымен патриоттық сезімін, еліне, жеріне, ұлтына, отанына деген сүйіспеншілігін сурет салу арқылы жеткізді.