Материалы за Декабрь 2022 года » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2022 года
"ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАҢА ЖЫЛ" АУЫЛ БИІ ШЫРШАСЫ
30
декабрь
2022
"ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАҢА ЖЫЛ" АУЫЛ БИІ ШЫРШАСЫ
     Мектебімізде әлеуметтік санаты бар балаларға арналған "Қайырымды Жаңа жыл" Ауыл биі шыршасы ұйымдастырылып өткізілді. Шыршада мектеп директоры Г.А.Пржанованың бастауымен демеушілік жасаған "Amanat" партиясының "Azat" БПҰ төрайымы Әлия Сәбитова және ауыл биі Бәкір Шыныбеков оқушыларға сыйлық табыстады. Оқушылар шырша жанында Аяз-ата, Ақшақар және ертегі кейіпкерлерімен бірге ән салып, би биледі.
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
29
декабрь
2022
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі, Шымкент қаласы, Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңінде Общеобразовательная школа №68нің оқушылары Қазақстан тарихы пәні бойынша Наширов Денис 2-дәрежелі, Үмбет Несібелі 2-дәрежелі, Ақылбек Қаракөз 3-дәрежелі, Абдукалик Жасмин 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Берше Айсу
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
29
декабрь
2022
Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
  Ұжымымыздың тәжірибелі маманы Тлепов Мақсат Сапарұлы өнегелі еңбегінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды! Марапатыңыз құтты болсын, сіз лайықтысыз!
Жаңа жыл құтты болсын!
29
декабрь
2022
Жаңа жыл құтты болсын!
Мектеп директоры Г.А.Пржанова ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, сыйлықтар табыстады.
Жеңіс құтты болсын!!!
28
декабрь
2022
Жеңіс құтты болсын!!!
Шымкент қаласы «Дарын» орталығының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының екінші (облыстық) кезеңінің жеңімпазы Общеобразовательная школа №68нің 9-сынып оқушысы Пердебек Ұлжалғас 1-дәрежелі дипломмен марапатталды, жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Г.Лесбаева. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Ұлжалғасты жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.  Жеңіс құтты болсын!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
28
декабрь
2022
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Өнердегі білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін Общеобразовательная школа №68нің директоры Пржанова Гулнур Аскербековна және АӘТД жетекшісі Иманқұлов Асанбай Тәтішұлы Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясының президенті М.Тыныбаеваның алғыс хатымен марапатталды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"АЙБЫНДЫ ЖАСТАР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" АТТЫ ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
27
декабрь
2022
"АЙБЫНДЫ ЖАСТАР-ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ" АТТЫ ЭССЕ ЖАЗУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
     Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының 112 жылдығына арналған «Айбынды жастар-Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында өткізілген «Жас сарбаз» сыныптары арасындағы ЭССЕ байқауына қатысқан Общеобразовательная школа №68нің 8«Б» сынып оқушысы Аманбай Мерей жүлделі 1-орын иеленгені үшін грамотамен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Мерейді жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.
"SMG CHESS TOURNAMENT" шахмат турнирі
26
декабрь
2022
"SMG CHESS TOURNAMENT" шахмат турнирі
"SMG Education" білім беру жобалары орталығының дәстүрлі «Зияткер Ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған "SMG CHESS TOURNAMENT" шахмат турнирында 10-13 жас аралығындағы өткен сайыста Общеобразовательная школа №68нің 7«Ғ» сынып оқушысы Тәтіш Асылайым жүлделі I орын иеленсе, 6«А» сынып оқушысы Тәтіш Дінмұхаммед «Лучший шах-мат ойыншысы» номинациясын иеленіп, мадақтамамен және сертификаттармен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова жеңімпаздарды құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
26
декабрь
2022
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
"SMG Education" білім беру жобалары орталығының дәстүрлі «Зияткер Ұрпақ» жобасы аясында ұйымдастырылған "SMG CHESS TOURNAMENT" шахмат турнирында 10-13 жас аралығындағы өткен сайыста Общеобразовательная школа №68нің 7«Ғ» сынып оқушысы Тәтіш Асылайым жүлделі I орын иеленсе, 6«А» сынып оқушысы Тәтіш Дінмұхаммед «Лучший шах-мат ойыншысы» номинациясын иеленіп, мадақтамамен және сертификаттармен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова жеңімпаздарды құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп
"Қарулы Күштердің ардагерлерімен" сұхбат
24
декабрь
2022
"Қарулы Күштердің ардагерлерімен" сұхбат
    "Жас сарбаз" сыныбының оқушысы, тілші Тәтіш Асылайым "Қарулы Күштердің ардагерлері" Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы запастағы полковник Серікбай Онбаевтан сұхбат жүргізді.