Материалы за 15.11.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 15.11.2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
15
ноябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    Тарих пәнінің мұғалімі Н.Дүйсенбаев 9 «Ә» "Жас сарбаз" әскери сыныбында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын оқып талқылады. Мақсаты: жастарды тәрбиелеудегі әскери-патриоттық жалынын арттыру. Оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
15
ноябрь
2022
"ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ"
   «Қыз-жібек» клубының төрайымы М.Қосыбаева 5,6,7-сынып қыздарымен «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында жиналыс өтті. Қыздарға мектептің тәртіп ережесі қайта түсіндіріліп, қалыптасқан қағидаларды орындау ескертілді. Қыздар да өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ортаға салып, бір-бірімен ой бөлісті.
Тәрбие сағаты өткізілді
15
ноябрь
2022
Тәрбие сағаты өткізілді
    15 ноябрь «Ұлттық валюта» күніне орай 8 «ә» сынып жетекшісі Г. Құдиярова сыныбымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттап, валюавгуст теңгенің даму тарихы мен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын айтып өтті.