Материалы за Декабрь 2022 года » Страница 5 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2022 года » Страница 5
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
13
декабрь
2022
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
     Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын... деп Абай аавгуст жырлаған, қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты бұрымды қыздарымыздың «Ару еркем—бұрымыңмен көркем» атты мектепішілік байқауда қос бұрымымен ерекше көзге түскен Общеобразовательная школа №68нің 11«А» сынып оқушысы Бибінұр Қанат 1-орын, 9«Г» сынып оқушысы Мерей Төледияр 2-орын, 9«А» сынып оқушысы Ұлжалғас Пердебек 3-орын иеленіп, мадақтамамен марапатталды.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
  9 "А" сынып жетекшісі Ғ.Абдусаметова оқушыларымен бірге "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздікке жету жолдары, Қазақстанның жеткен жетістігі туралы видео көріп, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы пікірлерімен бөлісті.
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ  ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
13
декабрь
2022
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
   Мектеп психологы Г.М.Шынтаева  8 «Б» сынып оқушыларымен "Қарым-қатынасты жақсарту" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты,  айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасып,  өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптастыру.
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді
12
декабрь
2022
"Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е"
  Мектебімізде 9 "А" сынып оқушыларының қатысуымен АПФ форматында "Б.П. Экономикадан қарағанда экологияға көбірек көңіл бөлу керек д.е" тақырыбында мектепішілік дебат өткізілді. Ойын барысында оппозиция фракциясының  лидері Раушанбек Марал және спикері Қуандық Балауса өздерінің өткір ойлы, сөзге шешен екендіктерін көрсете білді.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
12
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
   8 "А" сынып жетекшісі Г.П.Сагинбекова сыныбында  "Тәуелсіздік-тірегім" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындырумен қатар, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерін дамытуға және ел бейбітшілігін сақтау жолында өз үлестерін қосуға шақырды.
ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
12
декабрь
2022
ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
  Шорт-тректен «Тәуелсіздік күніне» арналған Шымкент қаласының №8 қысқы спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігінде 333 м және 500 м қашықтықта III орын  алғаны үшін Общеобразовательная школа №68нің 5«Д» сынып оқушысы Құралбай Шоқан дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Шоқанды құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.  ЖАРАЙСЫҢ ШОҚАН!!!
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
10
декабрь
2022
"АҚИҚАТ ПЕН АҢЫЗ"
   Мектеп директоры Г.А.Пржанованың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла әріптестерімен бірге Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» роман-диалог кітабын жан-жақты талқылады.
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
10
декабрь
2022
«Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады.
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында 10«Б» сынып оқушысы Ермекова Айгерім сыныптастарының алдында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Жобада оқушы темекінің түр-түрін айта келе, электронды темекінің адам ағзасына өте зиян екенін дәлелдеді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
10
декабрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8"Г"сынып оқушысы Рахимбердиева Аяна 7"Ғ"сынып оқыушыларына қаhарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер Бауыржан Момышұлының кітаптарынан үзінділер оқып талқылады. Оқушылар үзіндіден алған ойларымен бөлісіп, өзара пікірталасты.
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
09
декабрь
2022
"ТАЛАБЫ МЕН ЕҢБЕГІ ЕКІ ЖАҚТАП..." АТТЫ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ
     Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаеваның ұйымдастыруымен 6"Б" сынып ұл балалар арасында "Талабы мен еңбегі екі жақтап..." атты білгірлер сайысы өткізілді. Сайыста оқушылар сабақтан алған өз білімдерін, ой ұшқырлығын, шапшаңдығын, ұжыммен біріге істеген жұмыстың нәтижесін көрсетті. Сабақ барысында оқушылар топ-топқа бөлініп, 1-орын "Ойшылдар", 2-орын "Қыран", 3-орын "Самұрық" тобы иеленді. Мектеп директоры жеңімпаздарды құттықтап, мадақтамамен марапаттады.