Материалы за Январь 2023 года » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Январь 2023 года
"ОТБАСЫ АЯЛЫ-АЛАҚАН МЕКЕНІ"
31
январь
2023
"ОТБАСЫ АЯЛЫ-АЛАҚАН МЕКЕНІ"
     6"В" сынып жетекшісі Г.Ж.Акилова оқушыларымен «Отбасы аялы-алақан мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында оқушылар отбасына деген ыстық ықыластарын өлең жолдары, мақал-мәтелдер, би және көріністер арқылы жеткізді.
ЕНТ-ға сеніммен барайық.
31
январь
2023
ЕНТ-ға сеніммен барайық.
   Мақсаты: оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету, есте сақтау мен зейін процестерін дамыту.  Міндеті: - өзіндік сенімнің қалыптасуына - өзіндік бағалауын анықтау - стресті жеңуге жол көрсету - оқушыларға ЕНТ - ні сенімді тапсыруға дайындау. Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ. 
"ЖҮРЕГІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БИБІ-АНА"
30
январь
2023
"ЖҮРЕГІ МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ БИБІ-АНА"
   Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен өткізілген жазушы Бибігүл Иманғазинаның туылғанына 80 жыл толуына орай «Жүрегі мейірімге толы Бибі-Ана» атты іс-шарасына белсене қатысқаны үшін Общеобразовательная школа №68нің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жанысбекова Айнұр және оқушылары Аллақұл Әсия,  Құрманбек Нұрислам, Сәрсен Аружан, Пердебек Көркем алғыс хаттармен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
30
январь
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6 "Г" сынып оқушылары кітапханашы Л.Лауланбековамен бірге Джефф Киннидің "Тентек балақайдың күнделігі" кітабын оқып, талқылады. Кітаптың басты кейіпкері Грег Хефли қарапайым мектеп оқушысы. Ол әр түрлі күлкілі, қайғылы және көңілді жазбалар мен бұзық оқиғаларға толы орта мектептегі басынан өткен оқиғаларды күнделігіне жазып отырған.
Мектебімізде "ҚЫЗ ЖІБЕК" клубының кезекті жиналысы өткізілді
28
январь
2023
Мектебімізде "ҚЫЗ ЖІБЕК" клубының кезекті жиналысы өткізілді
    Мектебімізде "ҚЫЗ ЖІБЕК" клубының кезекті жиналысы өткізілді. Қонаққа Қаратау ауданы Аналар кеңесінің төрайымы, Шымкент билер алқасының және аналар кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің үздігі Бекмұрзаева Зульфия  шақырылды. "Қыз жібек" клубының І-ші жарты жылдық есебі тыңдалып,  салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды насихаттап, әдепті сөйлеу, электронды темекінің зияны, қыздар арасындағы әлімжеттік т.б. туралы айтылды.
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
27
январь
2023
Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
  Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату үшін және фонематикалық қателікті түзету мақсатында педагог логопед маманы Р.Е.Ашықбаева оқушылармен артикуляциялық жаттығулар жүргізді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27
январь
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапханашы Л.Лауланбекованың ұйымдастыруымен «20 минуттық кітап оқу» шарасы өтті. Іс-шара барысында 5-6 сынып оқушылары «Тайна Драконов» және «Арман керек адамға» атты кітаптарды оқып, ортаға салып талқылады. Мақсаты, оқушыларды кітап оқуға шақырып, білімді ұрпақтың санын көбейту.
«МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК» ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
27
январь
2023
«МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК» ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
      Педагог - психолог К.Б.Жолдас 10 «Ә» сынып оқушыларымен  «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг  барысында «Ми шабуылы» — ой қозғауы, «Қол- мидың жалғасы» әдістемелері, «Импульс» ойыны және мамандыққа байланысты видеоролик көрсетілді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру. Тренинг соңында оқушылар алған жақсы
Педагог-психолог Г.М.Шынтаева  жаңадан келген оқушыларға құм терапиясын қолдана отырып, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді
26
январь
2023
Педагог-психолог Г.М.Шынтаева жаңадан келген оқушыларға құм
     Педагог-психолог Г.М.Шынтаева  жаңадан келген оқушыларға құм терапиясын қолдана отырып, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізді. Құм терапиясының мақсаты, көрнекі-бейнелік ойлауды, сөздік-логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.      Құм терапиясы арқылы баланың мынадай құзіреттіліктері дамиды: 1.Шығармашылық 2.Танымдық 3.Интеллектуалдық қарым –қатынас.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
26
январь
2023
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
    Мектебімізде кезекті "ҰЛДАР КЕҢЕСІ" өткізілді. Қонаққа Қаратау АПБ Жергілікті учаскелік полиция қызметкері полиция аға лейтенанты Көшкінбай Бақберген Нұрлықасымұлы шақырылып, жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу,  есірткінің (темекінің) зияны және әлеуметтік желілер арқылы келетін түрлі әрекеттер (есірткінің таралуы, кибербуллинг, ойын түрлері т.б) туралы айтылып, алдын алу шаралары бойынша кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.