Материалы за Декабрь 2022 года » Страница 4 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2022 года » Страница 4
Тәуелсіздік күніне орай  2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат олимпиадасы ұйымдастырылды
15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік
   Шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай  2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат олимпиадасы ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары төмендегі орындарға ие болды. І орын – Тәтіш Д. ІІ орын – Есенбаев Н. ІІІ орын – Қожантай Б.  Жолдасбек Р. Сапар Ә. Муталибов Р.
ЖАРАЙСЫҢ АСИЯ!
15
декабрь
2022
ЖАРАЙСЫҢ АСИЯ!
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Карибозова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғ.Даулбаевтар жетекшілік еткен 9"В" сынып оқушысы Орынбасар Әсия Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  ұйымдастырылған "Shymkent jogary pedagogikalyg" колледж базасында өткізілген қалалық олимпиадаға қатысып, "Дарын орталығы" мадақтамасымен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Әсияны құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ"
15
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ"
   Бастауыш сынып мұғалімдері 2«Ә» сынып жетекшісі  Л.Т.Орынбаева, 1«Г» сынып жетекшісі М.Жанысбекқызы, 1«Д» сынып жетекшісі Г.Оңалбаева оқушыларымен  "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Тәуелсіздік белестері, Декабрь оқиғасы туралы мағлұмат бере отырып,  Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екендігі туралы айтылды. Оқушылар 16 декабрьға арналған өлең, тақпақтар айтты. Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулыды.
"Б.П Бүгінгі заманның құндылығы неде?" тақырыбында АПФ форматында мектепішілік дебат өткізілді
14
декабрь
2022
"Б.П Бүгінгі заманның құндылығы неде?" тақырыбында АПФ форматында
    Ағылшын тілі және математика пәні бірлестігінің мұғалімдері арасында "Б.П Бүгінгі заманның құндылығы неде?" тақырыбында АПФ форматында мектепішілік дебат өткізілді. Дебат нәтижесінде парламент фракциясы математика пәні бірлестігінің мұғалімдері лидер Сағынбекова Гүлназ және спикері Құдиярова Гүлжанат өздерінің сөз шеберліктерін және ой ұшқырлықтарын көрсете білді.
«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»
14
декабрь
2022
«АҚЫН - ЕЛДІҢ АРДАҒЫ»
   Бүгін мектебімізде «Ақын - елдің ардағы» деген атпен ақын, жазушы, түркі әлемінің жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Мухтарова Марғуба Мұхтарқызы кездесу кеші болып өтті. Мақсаты, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды. «Тағдырыма егіз дүние», «Тау қызымын» және «Жырым
"Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"
14
декабрь
2022
"Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім"
   5"Д" сынып жетекшісі Н.Серкебаева "Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім" тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, елін, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға, оны гүлдендіруге күш қуаты мол жастарды тәрбиелеу. 
"МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК" АТТЫ ТРЕНИНГ
14
декабрь
2022
"МАМАНДЫҚТЫ ДҰРЫС ТАҢДАЙ БІЛЕЙІК" АТТЫ ТРЕНИНГ
     Мектеп педагог-психологы К.Б.Жолдас 10 «Б» сынып оқушыларымен  «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау, кәсіби бағдар беру.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ"
14
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ"
   Оқушыларды елін, Отанын сүюге егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында 9 «Г» сынып жетекшісі Т.О.Абдрашова сыныбында «Тәуелсіздік - тұғырым, Қазақстан-жүрегім» атты тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушылар өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастырып,  декабрьда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым көрсетті.
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
13
декабрь
2022
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
   Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла жетекшілік еткен 8"Б" сынып оқушысы Аманбай Мерей Шымкент қаласы "Дарын орталығы" А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген "Алаш көсемі" қалалық байқауына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Мерейді жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. 
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
13
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    Оқушылардың Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 2 "В" сынып жетекшісі М.Қилыбаева, ата-анасы Шерхан Еркеғалимен біріге отырып, "Тәуелсіздік-тұғырым" атты тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік туралы толық мағлұмат беріліп, тәуелсіздік оңай жолмен келмегендігі туралы мәлімет беріп, видео слайдтар көрсетіліп, сұрақ-жауап жүргізіліп, тақпақтар айтылды.