Материалы за 13.12.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 13.12.2022
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
13
декабрь
2022
«АЛАШ КӨСЕМІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
   Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла жетекшілік еткен 8"Б" сынып оқушысы Аманбай Мерей Шымкент қаласы "Дарын орталығы" А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген "Алаш көсемі" қалалық байқауына қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Мерейді жеңісімен құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады. 
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
13
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
    Оқушылардың Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында 2 "В" сынып жетекшісі М.Қилыбаева, ата-анасы Шерхан Еркеғалимен біріге отырып, "Тәуелсіздік-тұғырым" атты тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатында оқушыларға тәуелсіздік туралы толық мағлұмат беріліп, тәуелсіздік оңай жолмен келмегендігі туралы мәлімет беріп, видео слайдтар көрсетіліп, сұрақ-жауап жүргізіліп, тақпақтар айтылды.
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
13
декабрь
2022
"АРУ ЕРКЕМ-БҰРЫМЫҢМЕН КӨРКЕМ" БАЙҚАУЫ
     Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын... деп Абай аавгуст жырлаған, қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты бұрымды қыздарымыздың «Ару еркем—бұрымыңмен көркем» атты мектепішілік байқауда қос бұрымымен ерекше көзге түскен Общеобразовательная школа №68нің 11«А» сынып оқушысы Бибінұр Қанат 1-орын, 9«Г» сынып оқушысы Мерей Төледияр 2-орын, 9«А» сынып оқушысы Ұлжалғас Пердебек 3-орын иеленіп, мадақтамамен марапатталды.
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
13
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК-ТІРЕГІМ, ҚАЗАҚСТАН-ЖҮРЕГІМ" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ
  9 "А" сынып жетекшісі Ғ.Абдусаметова оқушыларымен бірге "Тәуелсіздік-тірегім, Қазақстан-жүрегім" атты тәрбие сағатын өтті. Сабақ барысында оқушылар тәуелсіздікке жету жолдары, Қазақстанның жеткен жетістігі туралы видео көріп, өлеңдер оқып, сұрақтарға жауап беру арқылы пікірлерімен бөлісті.
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ  ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
13
декабрь
2022
«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ» ТРЕНИНГІ
   Мектеп психологы Г.М.Шынтаева  8 «Б» сынып оқушыларымен "Қарым-қатынасты жақсарту" тақырыбында тренинг жүргізді. Тренингтің мақсаты,  айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасып,  өзімен де басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптастыру.