Материалы за 15.12.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 15.12.2022
"БІЛІМДІ МҰҒАЛІМ"
15
декабрь
2022
"БІЛІМДІ МҰҒАЛІМ"
  Жалпы білім беретін пәндер бойынша мұғалімдер арасында өткен "Білімді мұғалім" сайысына қатысып, теориялық бағытында көрсеткен үздік нәтижелері үшін Общеобразовательная школа №68нің бастауыш сынып мұғалімі Х.Достаева I дәрежелі дипломмен марапатталса, химия пәні мұғалімі Б.Катенова, орыс тілі пәні мұғалімі Т.Абдрашева, информатика пәні мұғалімі Г.Тастанбекова, ағылшын пәні мұғалімі Ұ.Беймусаева, қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Қалмұрзаева, биология пәні мұғалімі Л.Нұрпейісовалар II дәрежелі
"ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
15
декабрь
2022
"ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС"
     Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Нахипова сынып жетекшілерге терроризмге қарсы күрес туралы Заңмен таныстырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"ТЕРРОРИЗМ-ҚОҒАМҒА ҚАУІП" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
15
декабрь
2022
"ТЕРРОРИЗМ-ҚОҒАМҒА ҚАУІП" АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
     Мектебіміздің 8 "А" сынып жетекшісі Г.П.Сагинбекова  сыныбында "Терроризм-қоғамға қауіп" атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Осы сағатта  оқушыларға терроризм туралы терең түсінік бере отырып, оның түрлерін,  себептері мен зардаптарын ұғындырумен қатар білім алушылардың оқиға болған жағдайда қандай алгоритмдерді орындау қажеттілігі туралы айтылды.
"ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН - ЖҮРЕГІМ"
15
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰҒЫРЫМ, ҚАЗАҚСТАН - ЖҮРЕГІМ"
    10«Б» сынып жетекшісі Н.Шанетова  оқушыларымен «Тәуелсіздік - тұғырым, Қазақстан - жүрегім» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты, оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.  Школьникам патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды  тәрбиелеу.
«ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ»
15
декабрь
2022
«ТАЛАПҚА САЙ КӨШБАСШЫ»
     Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту, көшбасшының ерекшелігі мен жауапкершілігін, оның этикалық нормаларды сақтауын қалыптастыру мақсатында мектеп директоры Г.А.Пржанова көшбасшылық қабілеті  бар оқушыларға тренинг  жүргізді. Тренинг барысында көшбасшылық қабілеттің де талапқа сай  болуына мән беру керектігі айтылып, бейнеролик  көрсетілді.
"БІЗ ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ"
15
декабрь
2022
"БІЗ ЖАСТАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ"
   "Ұлттық таэкван-до спорттық федерациясы (ITF) қоғамдық бірлестігі"-нің ұйымдастыруымен, Таэквон-додан "Біз жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" ұранымен, Шымкент қаласының ашық біріншілігінде, 60кг салмақта 12-14жас аралығында, 8г сынып оқушысы Файзиев Абылайхан 1-орын  иеленіп, чемпион атанды. Жеңіс құтты болсын!!!
Тәуелсіздік күніне орай  2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат олимпиадасы ұйымдастырылды
15
декабрь
2022
Тәуелсіздік күніне орай 2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік
   Шахматты насихаттау, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту және жандандыру мақсатында Тәуелсіздік күніне орай  2-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шахмат олимпиадасы ұйымдастырылды. Жарыс жеңімпаздары төмендегі орындарға ие болды. І орын – Тәтіш Д. ІІ орын – Есенбаев Н. ІІІ орын – Қожантай Б.  Жолдасбек Р. Сапар Ә. Муталибов Р.
ЖАРАЙСЫҢ АСИЯ!
15
декабрь
2022
ЖАРАЙСЫҢ АСИЯ!
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Абдуллаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Карибозова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ғ.Даулбаевтар жетекшілік еткен 9"В" сынып оқушысы Орынбасар Әсия Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай  ұйымдастырылған "Shymkent jogary pedagogikalyg" колледж базасында өткізілген қалалық олимпиадаға қатысып, "Дарын орталығы" мадақтамасымен марапатталды. Мектеп директоры Г.А.Пржанова Әсияны құттықтап, бүгінгі күннің үздігі деп жариялады.
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ"
15
декабрь
2022
"ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫМЫЗ"
   Бастауыш сынып мұғалімдері 2«Ә» сынып жетекшісі  Л.Т.Орынбаева, 1«Г» сынып жетекшісі М.Жанысбекқызы, 1«Д» сынып жетекшісі Г.Оңалбаева оқушыларымен  "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Тәуелсіздік белестері, Декабрь оқиғасы туралы мағлұмат бере отырып,  Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екендігі туралы айтылды. Оқушылар 16 декабрьға арналған өлең, тақпақтар айтты. Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулыды.