Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 4 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 4
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
14
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және Л.Лауланбекова  2-сынып оқушыларымен «Ертегі тыңдай білейік» атты іс-шара өткізді. Оқушылар "Түлкі мен тырна"  ертегісін оқып талқылады. Олар ертегіні қызыға тыңдап, кейіпкерлер бейнесін сомдап, ертегіден  алған әсерлері туралы өз ойларымен бөлісті. Шараның басты мақсаты, оқушылардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру,  мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ
14
октябрь
2022
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ
    «Мектепті  басқарудағы инновациялық менеджмент» Орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша тәлім алушы мектеп директоры Г.А.Пржанова (тәлімгер С.Р.Матаева) мүғалімдер арасында «Мектеп білім берудің заманауи үрдістері, педагогтердің кәсіби дамуын басқарудағы жаңа міндеттер, табысты мектеп мәдениеті» тақырыбында семинар өткізді. Қазіргі білім берудегі құндылықтардың  мақсаты, мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін білім беру процесіне
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ
14
октябрь
2022
КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ
    Мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру, оқушылармен қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру үшін мектеп директоры Г.А.Пржанова мұғалімдер арасында тренинг сабақ өткізді. Өйткені, бүгінгі таңда жан-жақты терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары оқушыны дайындау, оқушылардың өз бетімен ізденіске жету қабілетін дамыту мұғалімнен кәсіби біліктілікті қажет ететіні анық.
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
12
октябрь
2022
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
    Мектепте 10-сынып қыздар арасында "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің "Құтты білек" деген еңбегінде "Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылыққа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет"-дей келе қыз баланың талап-тілегін орындау арқылы қатал ұстауды
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
12
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақ тілі пәні мұғалімі Н.Шанетованың ұйымдастыруымен 8«В» -сыныбының оқушылары Әренжан Аяна және Оңласын Айнұрлар Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повестін оқып оқушылармен бірге талқылады. ХХ ғасырдың басындағы халқымыздың этнографиялық энциклопедиясы іспетті аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы екендігі шығарманы талдау барысында айтылды. Оқушылар шығарманың тақырыбы мен идеясын ашып, кейіпкер бейнесін, өмір құндылықтары, ата-ананың қадірін білу,
АБАЙ АУЫЛЫНДА
11
октябрь
2022
АБАЙ АУЫЛЫНДА
   Мектебіміздің "Әжелер" клубының төрайымы Г.Бекайдарова мен қыздар клубының мүшелері М.Қосыбаева, Г.Сулеева 9"Г" сынып қыздарымен "Абай ауылында кездесіп" Хороший қыз-жағадағы құндыз" тақырыбында әңгімелесті. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» демекші қазақ қыздарында батыр, батылдығынан бөлек, Зере, Ұлжандар мейірімділігі мен даналығын үлгі ете отырып, тәртіпті болуға шақырды. Ақылдылығы,
"ҚАРТТАРЫ КӨП ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ"
11
октябрь
2022
"ҚАРТТАРЫ КӨП ЕЛ-ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ"
    5«Д» сынып жетекшісі Н.Серкебаева және ата-ана М.Бисенбаевамен бірлесе отырып «Қарттары көп ел- қазыналы ел» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай, сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
КИБЕРБУЛЛИНГ
11
октябрь
2022
КИБЕРБУЛЛИНГ
    7«Г» сынып жетекшісі Г. Тастанбекова ата-ана Р. Жолдашевамен біріге отырып, бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғамның айықпас дертіне айналып отырған мәселелердің бірі – кибербуллинг жайлы сынып сағатын өткізді. Қазіргі қоғамда адамдар бір-бірін ренжіткісі келіп тұрады. Неге екендігінің себебін айтып түсіндіру қиын. Кейде өзіміз қаламасақ та, біреудің көңіліне келетін әрекеттер жасап, ауыр сөздер айту, жәй сөз секілді болып көрінеді. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз
МҰҒАЛІМДЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ
11
октябрь
2022
МҰҒАЛІМДЕР ЖАСЫЛ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ
    Президентіміз Қ.К.Тоқаевтің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»  жолдауы аясында, «Ұстаздар күні»  мерекесіне орай Қаратау ауданы мектеп мұғалімдері арысында футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа аудан бойынша 14 мектеп қатысып, Общеобразовательная школа №68нің денешынықтыру пәні  мұғалімдері III-орынды иеленсе, «Ең үздік ойыншы» номинациясын мектебіміздің денешынықтыру пәні мұғалімі Тілеу Абілхайыр иеленді. Жеңімпаздар Қаратау ауданы әкімінің дипломы, медалі, арнайы
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
10
октябрь
2022
"ХИМИЯ-БИОЛОГИЯ" АПТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ
    10.10.-14.10.2022ж аралығында өтетін "Оқушыларды ББЖМ-ге дайындауда химия-биологияның рөлі" атты химия-биология бірлестігінің  апталық ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында  "Жаратылыстану бағы" сипатында күз айымен байланыстыра отырып, безендіру жұмыстары жасалынды. Биология бағыты бойынша оқушылар бау-бақша өнімдерінен көрме ұйымдастыра отырып, жеміс-жидектерде кездесетін дәрумендер және олардың адам ағзасына пайдасы жөнінде мағлұматтар беріп, микроскоппен өсімдік және жануар ұлпаларына