Материалы за 26.10.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 26.10.2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
26
октябрь
2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
  Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ауданымыздың мектеп мұғалімдері арасында өткізілген футбол турнирінде «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталған денешынықтыру пәні мұғалімі Тілеу Әбілқайыр мектеп директоры Г.А.Пржанованың алғысына бөленіп, бүгінгі күннің үздігі атанды.
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
26
октябрь
2022
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу" жалғасын табуда. 2 "Д" сынып оқушылары, жетекшісі Л.Абенова балаларға арналған ертегі кітабын оқып, Мысық, тышқан және ит ертегісін талқылады. Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сомдап, диалог құрды.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
26
октябрь
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, 25 октябрь Республика күніне орай "Менің Отаным Қазақстан!" тақырыбында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханшы Л.Лауланбекова 5-9 сыныптар аралығында  мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында өлең шумақтар оқыды.
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
26
октябрь
2022
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
  Шымкент қаласының Кекушинкай каратэден 10-11 жас ерекшелігі бойынша 28 кг салмақта ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке мектебіміздің жас жеткіншектері 5 «Б» сынып оқушылары Аңсар Ерқанат пен Қалдыбай Нұрым қатысып, Аңсар Ерқанат ІІ орынды, Қалдыбай Нұрым ІІІ орынды иеленді. Ерқанат, Нұрым жарайсыңдар!!! Тек Алға!!!