Материалы за 04.10.2022 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за 04.10.2022
"Қылмыссыз балалық шақ" апталығы аясында
04
октябрь
2022
"Қылмыссыз балалық шақ" апталығы аясында
   8 "А" сынып жетекшісі Г.П.Сағынбекова оқушылармен "Қылмыссыз балалық шақ" апталығы аясында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында мұғалім оқушыларға адам құқығын таптау, бопсалау, әлімжеттік жасау болған жағдайда қандай заң шеңберінде жауапкершілікке тартылатындығы жайлы айттып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушыларды мұндай іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
"Қылмыссыз балалық шақ" атты тәрбие сағаты өткізілді
04
октябрь
2022
"Қылмыссыз балалық шақ" атты тәрбие сағаты өткізілді
    Мектепте 9"а" сыныбының оқушыларымен сынып жетекшісі Г.Б.Абдусаметова "Қылмыссыз балалық шақ" атты тәрбие сағатын өтті.Сабақ барысында заңның баптары, адам құқығы, бопсалау, әлімжеттік туралы айтылды. Школьникам ой салған бейнекөрініс сабақ соңында қызу талқыланды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кез келген құқық бұзушылықтың соңы жазаға алып баратынын түсінді.  
Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!» тақырыбында Lesson Study сабағын өткізді
04
октябрь
2022
Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!»
    Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.О.Карибозова 11 «Ә» сыныбында М.А.Дудин, «Берегите, землю!» тақырыбында Lesson Study сабағын өткізді. Оқушылар сабақ барысында «Исследуй и создай» әдіс-тәсілін қолдана отырып, «Познай себя», A,B,C деңгейлік тапсырмаларын орындап, постер қорғады. Мақсаты, табиғатқа деген сүйіспеншілік және қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынас қалыптастыру, табиғатты аялауға және қорғауға баулу, табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.
Г.Б.Абдусаметова  алгебра пәнінен "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі" тақырыбында Lesson study  өткізді
04
октябрь
2022
Г.Б.Абдусаметова алгебра пәнінен "Екі айнымалысы бар сызықтық емес
   3.10 күні 9 "а" сыныбында сынып жетекшісі әрі пән мұғалімі Г.Б.Абдусаметова  алгебра пәнінен "Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі" тақырыбында Lesson study  өткізді. Сабақ барысында Geo gebra бағдарламасын қолдану арқылы сабақ қызықты өтті. Geo gebra бағдарламасын жетік меңгеруде және сыныптастарына көмек көрсетуде Орынбек Ернұр, Тасполат Ұлжалғас, Тулемет Санира көзге түсті. Математикалық терең білімімен ерекшеленген Али Жандаулет, Шархан Ерқанат, Туктамұрат Мерей болды.