Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 2 » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Октябрь 2022 года » Страница 2
"КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ДАМЫТУ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
22
октябрь
2022
"КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ДАМЫТУ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
   «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Лучшийсіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасына» сай құрылған «Өзін – өзі» басқару ұйымы жастарға өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйрететін, азаматтық-құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін мектеп. Білім беру ұйымдарындағы мектеп Парламентінің басты мақсаты жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
22
октябрь
2022
"МЕЙІРІМДІЛІК-БАҚЫТ БАСТАУЫ" АТТЫ СЫНЫП САҒАТЫ
   Бүгін 22.10.22ж. мектебімізде "Үштік одақ: ата-ана -мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 9"Г" сынып жетекшісі Т.Абдрашова мен ата-ана Б.Мусаханова "Мейірімділік-бақыт бастауы" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар ата-аналармен қарым-қатынастары жайлы әңгімелеп, түрлі жағдаяттарға пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Сонымен бірге "Мейірімділік шуағы" тақырыбында постер қорғап, сабақ соңын "Мейірімділік ағашын" өсірумен қорытындылады.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
22
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    "Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында "Кел, кітап оқиық!" тақырыбында 3"А" сынып жетекшісі А.Абдураимбекова Марк Твеннің "Батылдық" әңгімесі, 3"Г"сынып "Екі дос" әңгімесі және 3"Ғ" сыныбы Ы.Алтынсариннің "Жаман жолдас" әңгімесін талқылады. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайту , шыншылдыққа, адалдыққа, достықты қадірлеуге үйрету. "Хороший кітап-жан азығы" дегенде й оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра білейік!
ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
21
октябрь
2022
ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
   2022 жылы 20 октябрь күні «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру-жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікір сайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікір сайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Общеобразовательная школа №68нде «ШАБЫТ» зияткерлік-пікірталас клубы кабинетінің салатанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты іс-шараға білім басқармасының  «Қосымша білім
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
21
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 3"В" сынып жетекшісі К.А.Достаева «Кел, кітап оқылық!» тақырыбында «Бақша ағаштары» әңгімесін оқып, талқыласа, 3"Ә" сынып жетекшісі В.Карибозова оқушыларымен «Сауысқан мен көкек» ертегісін оқып, өз ойларымен бөлісті. 3"Б" сынып жетекшісі М.Атыхаева «Сиқырлы думан» атты ертегіні оқып, танысып талдау жасады. Бастауыш сынып оқушылары кітап білімді, ақылды, үздік болуға үйретеді деген ойларын бала тілімен жеткізе білді.
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
21
октябрь
2022
"АРТЫҚ БІЛІМ КІТАПТА" ТАҚЫРЫБЫНДА ЭССЕ БАУҚАУЫ ӨТТІ
    7-сыныптар арасында қазақ тілі пәні мұғалімі Ж.Н. Калмурзаева мен кітапханашы Л.Лауланбековалардың ұйымдастыруымен  "Артық білім кітапта" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: білімнің кітап арқылы берілуін ұғындыру, оқушыларды білімді болуға, кітапты көп оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқау қортындысы бойынша жүйелі әрі сауатты жазған оқушылардың жазба жұмысы жүлделі орындармен марапатталады. Еліміздің мәртебесі асқақ, болашағы жарқын болсын!!!!
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
21
октябрь
2022
"КЕЛ, КІТАП ОҚИЫҚ!"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кел, кітап оқиық!» тақырыбында 4"Д" сынып жетекшісі Ж.Тасболат оқушыларымен Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін оқып, талқылады. Оқушылар сабырлы боламыз, ашуланбаймыз деп,  балалық тілмен өз ойларын жеткізді. Әрі қарай "Иә-жоқ" ойынын ойнап, "Кітап сөрелерде жатқанды ұнатама?", "Кітап бетіне сызуға болама?", "Кітап жауын, суды ұната ма?" т.б  сұрақтарға жауап беру арқылы, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
19
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП"
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6"в" сынып жетекшісі Г.Акилова "Кітап-білім бұлағы" атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар С.Муратбековтың "Жусан исі" кітабын оқып, мазмұнын талқылады. Ашық сабақтың мақсаты: оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығын арттыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
19
октябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
   «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 6"Д" сынып жетекшісі П.Абенова мен ата-ана Тәтім Айжан біріге отырып "Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге!" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларды бiлiмдi болуға, кітапты  оқуға деген қызығушылығын арттыру арқылы, окушылардың  кiтапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, кітапханадан оқуға алған қызықты кітаптарындағы әңгімелерімен бөлісті.
"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ АЛДЫН АЛУ"
19
октябрь
2022
"ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ АЛДЫН АЛУ"
   №5 қалалық емхананың дәрігерлері Ұ.Қ.Қалмурзаева, Л.С.Бижигитова және Ф.А.Мырзабаевалар 8-11 сынып оқушыларына "Жасөспірімдер арасында темекі шегудің алдын алу", "Балаларда ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу", "Жол-көлік оқиғаларының алдын алу" тақырыптарында слайд көрсету арқылы лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.