Материалы за Сентябрь 2022 года » Общеобразовательная школа №68
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №68»
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 48-31-84
Бухгалтерия
+7(7252) 48-31-84
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Сентябрь 2022 года
"Жаһандану дәуірі мен ана тілі"  тақырыбында Lesson study cабағы өткізілді.
30
сентябрь
2022
"Жаһандану дәуірі мен ана тілі" тақырыбында Lesson study cабағы
  Мектеп өміріне еніп отырған  жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан-жақты дамыту. Lesson study әдісі-ондағы басты мақсат әріптестермен бірігіп сабақ жоспары мен зерттелу сабағын талқылайды. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Ж.Әбибулла 9 "А" сыныбында "Жаһандану дәуірі мен ана тілі"  тақырыбында Lesson study cабағын өтті. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбына ерекше қызығып, сабақта өз ойларын еркін айтып сабаққа белсене  қатысып отырды.
"Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
30
сентябрь
2022
"Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
  Мектебімізде 8 "Б" сынып қыздарымен "Қыз - өмірдің қызғалдағы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. "Қыз - өмірдің қызғалдағы, қыздар болашақ ана, бақыт - байлық ошағы,  адамзаттың өсіп - өркендеп, тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы" Әжелер клубының төрайымы Г.Бекайдарова,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Абдрахманова, қыздар ұйымының мүшесі М.Қосыбаевалар қыз - бала тәрбиесіне тән қасиеттерді атап айтып, ұрпақ тәрбиесі - ұлт тәрбиесі екеніне тоқталды.
КИБЕРБУЛИНГ:БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕМІЗ? Кибербуллинг дегеніміз не?
30
сентябрь
2022
КИБЕРБУЛИНГ:БАЛАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАЛАЙ
    Мектеп психологы Г.М.Шынтаева 8-9 сынып оқушыларымен “КИБЕРБУЛИНГТІҢ АЛДЫН-АЛУ” тақырыбында тренинг сабағын өтті. Тренингте  оқушыларға Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқыту арқылы, зорлық көрсету арқылы шабуыл жасап  кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайтындығы
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
30
сентябрь
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" жалғасын табуда
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 2 «В» сынып оқушылары арасында" 20 минуттық оқу" іс-шарасы өткізілді. Оқушылар ертегілер еліне саяхат жасады. Кішкентай балаларға арналған ертегілер кітабынан - «Түлкі мен тырна» ертегісін талдады. 
LESSON STUDY-зерттеу сабағы
30
сентябрь
2022
LESSON STUDY-зерттеу сабағы
  Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study - оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған
"Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы"
30
сентябрь
2022
"Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы"
  Мектебімізде "Үштік одақ: Ата-ана-мұғалім-оқушы" арасындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында 6"Б"  сынып жетекшісі Абдуллаева Нұргүл Сәкенқызы  ата-аналары  Алима Қоңырбаева және Назгүл Бейсенбековалармен біріге отырып 6"Б" сынып оқушыларымен "Абайлаңдар, балалар" атты  жол ережесіне арналған тәрбиелік сынып сағатын өткізді. Іс-шарада оқушыларға жолда жүру ережесін сақтау, жол белгілерінің түрлерімен таныстыру,  бағдаршамның атқаратын қызметтері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Ұлттық Мектеп Лига» жарыстарының мектепшілік кезеңі өткізілді.
29
сентябрь
2022
«Ұлттық Мектеп Лига» жарыстарының мектепшілік кезеңі өткізілді.
   2022-2023 оқу жылының күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Ұлттық Мектеп Лига» жарыстарының мектепшілік кезеңі ағымдағы жылдың сентябрь-октябрь айлары аралығында жас ерекшелігі бойынша спорттың футбол түрінен 5-6-7 сыныптар арасында жарыс өткізілді.  1 орын 7 «Ғ»  2 орын 5 сынып 3 орын 6 «Ә»  4 орын 7 «Г» иеленді.  Жарыс қызықты және тартысты өтті.
"ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы.
29
сентябрь
2022
"ҚЫЛМЫССЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ" апталығы.
    Мектепте 2022 жылдың 26-30 сентябрь күндері аралығында "Қылмыссыз балалық шақ" апталығы өткізілуде. Апталықтың ашылуы жиынында "Жасөспірім және заң" тақырыбында баяндама оқылып, апталық барысында атқарылатын іс-шаралар жоспары таныстырылды. Апталық өткізілудегі мақсат: оқушыларға қылмыс туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне баулу, тәрбиелеу.
«Балалар әлемі» жобасы
29
сентябрь
2022
«Балалар әлемі» жобасы
     Дарын орталығы КММ, «Рухани жаңғыру» қоғамдық даму институты КЕАҚ-ның ҚР Информация және қоғамдық даму минстрлігінің  қолдауымен 23.09.22ж. күні мектебімізде «Балалар әлемі» жобасы шеңберінде Республикалық балалар оқулары байқауының мектепішілік кезеңі  3-10—сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқауға қатысушылар бірінші (мектепішілік) кезеңнің қорытындысы бойынша 3«А» - сынып  Шернияз Қарақат, 6«Ә» - сынып  Бекжасар Ақерке, 6«Д» - Ақылбай Қаракөз, 8«Б» - сынып Аманбай Мерей, 10«Б» - сынып
"КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
29
сентябрь
2022
"КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ"
   Оқуға құштар мектеп аясында "КІТАП-БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ" тақырыбында жас буын  мектеп оқушыларының білімділігін, сауаттылығын арттыру, оқырманды кітапханаға тарту мақсатында "Coworking"  бұрышы ашылып, көпшілік оқырмандар қызыға келіп кітап оқуда. Негізгі мақсат, бірлесіп жұмыс істеу.