"МӘҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "МӘҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР"
09
ақпан
2022

"МӘҢГІЛІК ЕЛ: БІР ЕЛ - БІР ТАҒДЫР"

    Шымкент қаласының  білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығына орай бүгін 7 «Г» сыныбында А.Абилдаева  «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім өткен сабақтардағы әдеби тіл нормасын қайталату арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашқан соң, «Мәңгі» сөзінің білдіретін мағынасына тоқталып, Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы туралы айтып өтті. Осы тақырыпта бейнежазба көрсетіп, оқушылар Мәңгілік ел құндылықтарының білдіретін мағынасымен сәйкестендірді. Сабақта «Қоржын сый», «Айналма бекет», «Суретті сөйлет», «Күн шуағы»  сияқты түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып,саралау тапсырмалары берілді.  Мұғалім сабақ мақсатындағы әдеби тіл нормасы бойынша  еліктеу сөздердің құрамына қарай түрлерін  слайдтар арқылы түсіндіріп, тапсырмалар орындатып, сабақ мақсатына жетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив