"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ КҮНІ" Ашық сабақ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ КҮНІ" Ашық сабақ
10
ақпан
2022

"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ КҮНІ" Ашық сабақ

    Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Шанетова Нуршакар Нурматовна 10.02.22ж. күні 9"Ә" сыныбында "Қазақстандағы отбасы күні" тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ ұйымдастыру кезеңінде мұғалім және оқушылар  бір-біріне жақсы тілек айтудан басталды. Оқушылар өздері таңдаған қима қағаздар бойынша І топ "Әке",ІІ топ "Ана",ІІІ топ "Бала" топтарына біріктірілді. Оқушылардан үйге берілген "Отбасы-шағын мемлекет" тақырыбындағы жазба жұмыстары сұралды. Өткен лексикалық және әдеби тіл нормасы бойынша "Кеседегі сауал" әдісі бойынша сұралды.Сабақта жеке, жұптық ,топтық жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың тапсырмалар орындау барысында өзін-өзі, жұптық және мұғалімнің формативті бағалаулары әр тапсырма кезеңінде жүргізілді. Саралау жұмыстары алынып, сабақты қорытындылау кезеңінде "Кім жылдам" әдісімен оқушылардың алған білімдері пысықталды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив