23-маусым күні "Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлері күні" » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 23-маусым күні "Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлері күні"
23
маусым
2025

23-маусым күні "Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлері күні"

№68 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері 2025 жылдың 23-маусым күні "Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлері күніне" орай топтарда түрлі іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: Бұл күн-еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларын құрметтеу күні екенін балаларға ұғындыру. Полиция қызметімен таныстыру, құқықтық тәрбие беру.
Топ жетекшілері балаларға "Полицияның бір күні","Полиция-тәртіп сақшысы" ,"Полиция қызметі " туралы қысқаметражды бейнероликтер көрсетіп, полицияның міндеттері мен құқықтары туралы ақпараттар берді. Балалар полиция қызметі туралы мағлұматтар алып, тәртіп туралы өз ойларымен бөлісті. Өткізілген іс-шара тәрбиелік мәнге толы болды.
 Дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Саймасаева полиция күніне орай топаралық "КӨҢІЛДІ ОЙЫНДАР " жарысын ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты: ептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жарыс өз деңгейінде қызықты, көңілді өтті. Қорытындысында "Қарлығаш " тобы-бас жүлде, "Қыран " тобы 1-орын, "Қызғалдақ "пен "Күншуақ " топтары 2-орын, "Көгершін "мен "Балдырған" топтары 3-орын иеленді.  Балалар бүгінгі күнді көңілді өткізіп, достық сезім мен командалық рухты сезінді. Бүгінгі күн жаңа пайдалы ақпарат пен жағымды көңіл-күйге толы болды.







Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив