09
ақпан
2022
"Сайыс сабақ" "ТІЛ, ӘДЕБИЕТ БІЛГІРІ"
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығына орай А.Жанысбекова қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқушылардың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салу, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында 9-10-сыныптар арасында «Тіл, әдебиет білгірі» атты танымдық сайыс сабақ өтті. Сабақ «Бәйге», «Викторина», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Иә-жоқ», «Зерек болсаң, зерделе» атты кезеңдерден тұрды. Мұғалім оқушыларды « Wheel of names» программасы арқылы «Жалын» және «Болашақ» атты топтарға біріктіріп, «Бәйге» кезеңінде екі топқа да әрқайсысы 10 ұпай болатын он сұрақ қойды. «Викторина»кезеңіндегі шарттарды оқушылар «Wordwall» интерактивті тапсырма құру сервисінен орындады. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңінде ситуациялық сұрақтар яғни жағдаяттар беріліп, оны бір топ ақтап, екінші топ жақтаса, «Зерек болсаң, зерделе» кезеңінде берілген суреттерге мақал-мәтел құрастырды. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушыларға алма макеттері үлестіріліп, «Жалын» тобы жеңіске жетті.






