"ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ" Ашық сабақ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ" Ашық сабақ
10
ақпан
2022

"ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ" Ашық сабақ

Шымкент қаласы №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталығына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Абдуллаева Нургул Сакеновна 10.02.2022ж. күні 5 "Б" сыныбында "Жол қауіпсіздігінің ережелері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты шаттық шеңбер құрып, "Мен қандаймын?" әдісімен оқушыларға жағымды көңіл-күй сыйлап, "Бағдаршам" түстерімен сыныпты үш топқа бөліп,  үй тапсырмасын "Кеден" әдісімен пысықтады. Сабақ барысында өз мақсатына сәйкес оқушылар мәтіннен жол белгілерінің қауіпсіздік ережелері туралы  негізгі және қосымша ақпаратты "Т кестесі", "Венн диаграммасы", "Кесте" әдістерімен анықтап және  сын есімнің мағыналық түрлерін ажыратып  жұптық, жеке, саралау жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. Мұғалім оқушыларға "Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік" ұранымен және  "Wordwoll" әдісімен сабақты қорытындылады.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив