Біз туралы » Страница 21 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
12
қараша
2022
МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
   Мектеп психологы - бұл эмоционалдық, әлеуметтік және әр жастағы баланың психологиялық тұрғыда дұрыс даму мәселелермен айналысатын балаларға көмек көрсету үшін білім беру жүйесінде жұмыс істейтін психолог маманы. Мектеп психологиясының мақсаты - ата-аналармен, мұғалімдермен және оқушылармен балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын салауатты білім беру ортасын дамытуға көмектесу.
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
10
қараша
2022
"МЕН АҚЫЛДЫ БАЛАМЫН" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ
   Мектеп психологы Жұмахметова Гүлмира 3”А” сынып оқушыларымен “Мен ақылды баламын” тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар өздерінің танымдық процесін психологиялық әдістемелерді қолдану арқылы дамытты. Тренинг барысында оқушыларды 2-топқа бөліп, сайыс түрінде ойындар ұйымдастырылды. Оқушылар тренингке белсенді қатысып отырды.
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
26
қазан
2022
«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
  Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай ауданымыздың мектеп мұғалімдері арасында өткізілген футбол турнирінде «Ең үздік ойыншы» номинациясымен марапатталған денешынықтыру пәні мұғалімі Тілеу Әбілқайыр мектеп директоры Г.А.Пржанованың алғысына бөленіп, бүгінгі күннің үздігі атанды.
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
26
қазан
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ ҚАЗАҚСТАН!"
  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, 25 қазан Республика күніне орай "Менің Отаным Қазақстан!" тақырыбында кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханшы Л.Лауланбекова 5-9 сыныптар аралығында  мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Оқушылар отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін білдіру мақсатында өлең шумақтар оқыды.
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
26
қазан
2022
Жеңіс құтты болсын! Тек қана Алға!!!
  Шымкент қаласының Кекушинкай каратэден 10-11 жас ерекшелігі бойынша 28 кг салмақта ашық біріншілігі өтті. Біріншілікке мектебіміздің жас жеткіншектері 5 «Б» сынып оқушылары Аңсар Ерқанат пен Қалдыбай Нұрым қатысып, Аңсар Ерқанат ІІ орынды, Қалдыбай Нұрым ІІІ орынды иеленді. Ерқанат, Нұрым жарайсыңдар!!! Тек Алға!!! 
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
24
қазан
2022
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
Республика күніне орай ұйымдастырылған дзюдодан 2010-2015 жылы туылған жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншілігі өтті. №68 жалпы орта білімберетін мектептің оқушылары жүлдемен оралды. 1-орынды Алмас Ринат, 2-ші орынды Төлеби Қуанышбаев, 3-орынды Аслан Алмас пен Бекарыс Ерсайынұлы иеленді.  ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
"КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ДАМЫТУ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
22
қазан
2022
"КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ДАМЫТУ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
   «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасына» сай құрылған «Өзін – өзі» басқару ұйымы жастарға өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйрететін, азаматтық-құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін мектеп. Білім беру ұйымдарындағы мектеп Парламентінің басты мақсаты жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру
ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
21
қазан
2022
ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
   2022 жылы 20 қазан күні «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру-жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікір сайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікір сайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «ШАБЫТ» зияткерлік-пікірталас клубы кабинетінің салатанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты іс-шараға білім басқармасының  «Қосымша білім
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ АРТТЫРУ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
19
қазан
2022
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ АРТТЫРУ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
   Мұғалімнің кәсіби даму моделіне жалпы мектептік тренингтерді, ішкі және сыртқы кәсіби курстарды, семинарларды, тәлімгерлік, іскер әріптестерінің көмегімен өткізілетін шеберлік сағаттарды, әдістемелік (тренерлік) лездеме,   сабақты зерттеуді, іс-әрекеттегі зерттеуді, жалпы мектептің даму жоспарын жүзеге асыруды қосуға болады. Мұғалімдер осы кәсіби даму моделінің негізінде бай тәжірибе жинақтап, оқу стратегияларын меңгереді. Демек, жаңа дәуір мұғалімі – үздіксіз дамуды мақсат тұтқан, жаңалыққа
"КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ"
18
қазан
2022
"КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ"
    Мектеп директоры Г.А.Пржанова кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және кітапханашы Л.Лауланбекованы "Кітапханашылар күні" мерекесімен құттықтады. Қасиетті қазынамызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген еңбектерін бағалай отырып алғыс хатпен марапаттады.  МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!