21
қазан
2022
ПІКІРСАЙЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
2022 жылы 20 қазан күні «Оқушылар мен студент жастар дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру-жобасын іске асыру, өңірлік мектеп және студенттік пікір сайыс қозғалысы (колледждер) лигасын қолдау, насихаттау, жас пікір сайысшыларға жайлы орта қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «ШАБЫТ» зияткерлік-пікірталас клубы кабинетінің салатанатты ашылуы болып өтті. Салтанатты іс-шараға білім басқармасының «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» директорының у.м.а. Ахметбекова Гүлнар Сатыбалдықызы, орталық бөлім басшысы Әбдраманова Гаухар Жүсіпқызы құттықтау сөз сөйлеп, талантты да белсенді мектеп көшбасшыларына сәттілік тіледі. Дебат ойыны –тілі жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы екендігін айта келе жас пікірсайысшыларға пікірсайыс алаңында биік шыңдарды бағындырады, заңғар асуларды алады деп сенім білдірді. Қазіргі кезде мектепте жұмыс жүргізіп отырған «Ұшқыр ой» дебат клуб мүшелері «Мәңгілік ел құндылықтарына қазіргі жастар адал ма?» тақырыбында өзекті ой қозғап, ұтымды пікір алмаса отырып, көрсетілім ойынымен толықтырды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Абуллаева Нұргүл 6-сынып оқушыларымен Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» тақырыбын талқылады.

























