МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ АРТТЫРУ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ АРТТЫРУ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ
19
қазан
2022

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ҮЗДІКСІЗ АРТТЫРУ - ЖАҢА ЗАМАН ТАЛАБЫ

   Мұғалімнің кәсіби даму моделіне жалпы мектептік тренингтерді, ішкі және сыртқы кәсіби курстарды, семинарларды, тәлімгерлік, іскер әріптестерінің көмегімен өткізілетін шеберлік сағаттарды, әдістемелік (тренерлік) лездеме,   сабақты зерттеуді, іс-әрекеттегі зерттеуді, жалпы мектептің даму жоспарын жүзеге асыруды қосуға болады. Мұғалімдер осы кәсіби даму моделінің негізінде бай тәжірибе жинақтап, оқу стратегияларын меңгереді. Демек, жаңа дәуір мұғалімі – үздіксіз дамуды мақсат тұтқан, жаңалыққа құштар, білгенін бөлісуге бейім, шәкіртін үйретіп қана қоймай, үйренуге де дайын тұлға болуы шарт. Осы мақсатта мектебімізде кәсіби топтар құрылып, тренинг өткізілді. Әр топ мүшелерінен төмендегідей сауалнама алынды:
- Қайтадан таңдау берілсе қай мамандықты таңдар едіңіз?
- Өз әріптестеріңіздің бойынан қандай бейәдеттерді атай аласыз?
- Өз құзіреттілігіңізді дамытуға не кедергі деп ойлайсыз?
- Сабақтың қай бөлімі сізге ұнайды?
- Ертеңгі сабағыңызға дайындыққа қанша уақыт бөлесіз?
- Мектеп қандай бағытты ұстану арқылы жоғары нәтиже көрсете алады?
- Мектептің сапасын арттыруда қандай қадамдар мен әрекеттерді ұсына аласыз?
- Мектептің алға дамуына кедергі келтіретін тұсты айтыңыз. 











Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив