22
қазан
2022
"КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІ ДАМЫТУ" АТТЫ ТРЕНИНГ ӨТТІ
«Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы мен Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасына» сай құрылған «Өзін – өзі» басқару ұйымы жастарға өзін-өзі және ұжымды басқаруды үйрететін, азаматтық-құқықтық мінез-құлықтың әлеуметтік тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін мектеп. Білім беру ұйымдарындағы мектеп Парламентінің басты мақсаты жастарды үздіксіз дамуға, қоғамдық өмірге бейімдеу және жүйелі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы ой жиегін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыру болып табылады. Бүгін мектеп директоры Г.А.Пржанова өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу мақсатында өзін-өзі басқару "Мектеп Парламенті" фракция мүшелерімен «Көшбасшылық құзыретті дамыту тетіктері» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг барысында мектеп психологы Г.Шынтаева «Суретті әдіс» арқылы оқушы бойындағы жеке қасиеттерін анықтады. Оқушылардың белсенді жұмыс атқаруына жаңа серпін беретін тренинг болды.