05
мамыр
2023
ӨНЕГЕЛІ БІР САҒАТ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мейірім-жүректен» айлығы аясында «Өнеге» әкелер клубының ұйымдастыруымен Тәжік-ауған шекарасының соғыс қимылы ардагерлері Тайжанов Ербол Бизакович, Кадыров Талғат Жұмағалиевич, Қамбаров Серік Ширинбековичтер шақырылып, 8-11 сынып оқушыларының ұл балаларымен кездесу өткізілді. Мақсаты, оқушыларға ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында ардагерлер басынан өткен оқиғаларды баяндап, ел қорғау үшін жасаған ерліктерін атап өтті.







Кездесу барысында ардагерлер басынан өткен оқиғаларды баяндап, ел қорғау үшін жасаған ерліктерін атап өтті.







