22
қаңтар
2020
Жоғары сыныптың ұлдарына "Білім - өмір шырағы "тақырыбында әңгіме - кеңестер өткізілді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Әкелер алқасының " кезекті отырысы ұйымдастырылды. Жоғары сыныптың ұлдарына "Білім - өмір шырағы " тақырыбында әңгіме - кеңестер өткізілді. Қазіргі жастардың әдеби кітаптар оқуға зейіндерінің төмендігі әңгімеге арқау болып, пікірталасқа ұласты. "Әкелер алқасының " төрағасы Әбдіхалық Оразұлы Білімнің маңызын көрсететін он себебін атап өтіп "Пенде мен пенденің айырмашылығы адамгершілігі мен білімінде" деп халық батыры Б.Момышұлының сөзімен қорытындылады.










