02
ақпан
2023
"Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі"
Білім басқармасының Әдістемелік орталығының және Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы №109 шығыс хатына сәйкес "Біртұтас ұлт - біртұтас әскер" жастарды әскери - патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында №68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Айбынды жастар - Тәуелсіздік тірегі" тақырыбында "Тірек" мектепке қарасты мектеп мұғалімдеріне семинар және ата-аналарға ашық есік күні ұйымдастырылды. Семинарға Тәжік-Ауған соғыс ардагерлері мен ата-аналар шақырылды.
Мектеп көрмесін таныстырумен басталған іс-шара «Өзі де, жүріп өткен өмір жолы да өзгелерге үлгі - Бақытжан Ертаев - «Халық қаһарманы»» атты дөңгелек үстел,«Ерлікке тағзым» атты Тәжік-Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу, «Көңілді старт» әскери-эстафеталық сайыстармен жалғасын тапты. Сонымен қатар, қазақ тілі, алгебра, ағылшын тілі пәндері сабақтарына еліміздің, ұлтымыздың батырларының ерліктерін насихаттайтын кіріктірілген ерлік сабақтары жоғары деңгейде өтті.
Өткізілген іс-шараларға, «Ерлік сабақтарына» мектебіміздің «Жас сарбаз», «Жас құтқарушылар», «Smart сарбаз» сыныптары белсене атсалысты.