08
ақпан
2023
ӨНЕГЕЛІ БІР САҒАТ
08.02.2023ж. күні мектебімізде «Өнеге» клубының ұйымдастыруымен «Баланың ата-ана алдындағы міндеттері» тақырыбында ұлдар кеңесі өткізілді. Аталған кездесуге "Әкелер мектебінің" өкілдері Руслан Бөбейұлы мен Убайдулла Пулатбеков қатысты. Убайдулла мырза «Әке-шешесі өз міндеттерін орындамаса да, бала ата-анаға деген міндетін орындауы керек. Ғалымдар пікірі. Бұл баланың мойынына қойылған үлкен жауапкершілік» екендігін атап көрсете отырып балалардың ата-ана алдындағы міндеттері, ең маңыздысы - оларға сену, құрметтеу, көмектесу, назар аудару, оларға қамқорлық жасау, оларды жоққа шығармау, олармен көбірек уақыт өткізу болып табылатындығын айтты. "Әкелер мектебі" мүшелері Руслан Бөбейұлы мен Убайдулла Пулатбековтің тарапынан оқушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген оқушыларға "ынталандыру сыйлығы" ретінде кітаптар берілді.






