Іс-шаралар » Страница 39 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
15
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    Тарих пәнінің мұғалімі Н.Дүйсенбаев 9 «Ә» "Жас сарбаз" әскери сыныбында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын оқып талқылады. Мақсаты: жастарды тәрбиелеудегі әскери-патриоттық жалынын арттыру. Оқушылардың шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін арттыру, өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру, ұлттық намысты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Тәрбие сағаты өткізілді
15
қараша
2022
Тәрбие сағаты өткізілді
    15 қараша «Ұлттық валюта» күніне орай 8 «ә» сынып жетекшісі Г. Құдиярова сыныбымен тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға ұлттық теңгенің Тәуелсіздік символы екендігін насихаттап, валютамыз теңгенің даму тарихы мен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын айтып өтті.
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
14
қараша
2022
"ДУБЛЕР КҮНІ" ӨТКІЗІЛДІ.
    Мектебімізде оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері  "Дублер" күнін қайта өткізді. Оқушылар өздеріне тапсырылған әрбір жұмысты жауапкершілікпен атқарып, әрбір маман иесінің өз қиындығы бар екенін тағы да ұғына білді.
«БАЛАНЫҢ  БАС  ҰСТАЗЫ — АТА-АНА»  ТРЕНИНГІ
09
қараша
2022
«БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ — АТА-АНА» ТРЕНИНГІ
  №68  ЖОББМ директоры  Г.А.Пржанова 8-11 сынып   оқушыларымен «Баланың  бас ұстазы  ата-ана» тренингін жүргізді. Мақсаты: оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі рөлін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу.  
«ҒАЛАМАТ  ҒАСЫР  ЖАСТАРЫ» тренинг
08
қараша
2022
«ҒАЛАМАТ ҒАСЫР ЖАСТАРЫ» тренинг
   Мектеп директоры Г.А.Пржанова мен мектеп психологы Г.М.Шынтаева 8-9 сынып оқушыларымен «Ғаламат ғасыр жастары» тақырыбында тренинг өтті. Тренинг мақсаты: оқушылардың мінез-құлқында  жасырын  қырларын  танып білуге және басқаруға, қадағалау, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Тренинг  барысында «Есік» жаттығуы, «Егер мен супер қаhарман болсам......» әдістемесі, «Импульс» ойыны және «геометриялық фигура» әдістемесі арқылы өздеріне сәйкес мамандықтарын таңдады. Тренинг соңында оқушылар алған жақсы
"ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ" АТТЫ ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
08
қараша
2022
"ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІСІ" АТТЫ ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ
 "Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп кітапханасында "Әжемнің ертегісі" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына ертегілер әлеміне саяхат ұйымдастырылды. Кітапханаға жаңа келіп түскен түрлі-түсті суретті қазақ ертегілері мен шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған ертегілері оқушылар арасында қызығушылық оятты. Іс-шара соңында оқушылар өздері үнатқан ертегілерді оқу үшін  арнайы алды. Оқушылар келешекте кітапхананың үздік оқырмандары болуына кәміл сенімдеміз.    
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
07
қараша
2022
"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
   "Білектей арқасында өрген бұрым,  Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...",-деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге көбіміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
07
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
  Күзгі каникул кезінде кітапхана меңгерушісі Х.Қуашбаева және 7 «б» сынып жетекшісі Ергешев Асан оқушыларымен  "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Кітап оқу-отбасылық дәстүр" атты шара өткізді. Мектеп кітапханасында М.Әуезовтың "КӨКСЕРЕК" атты кітабын оқып, талдау жасап, оқушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге оқушыларды ата-аналарымен біріге отырып кітап оқуға шақырды.    
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
05
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
    «Oқуға құштар мектеп» жобасы бойынша күзгі демалыс кезінде  6«В» сынып оқушылары, жетекшісі Г.Акилова мектеп кітапханасының қорынан Зира Наурызбай мен Лиля Калаустың «Бату мен достарының жұлдыздар елі Айдалаға саяхаты» атты кітабын оқып талқылады. Аталған туындылар - нағыз достық, сенім туралы кітаптар. Ол балаларға ғана емес, үлкендергеде қызықты болды. Оқушылар оқыған кітаптан керемет әсер алып, ертегі оқып қана қоймай тарихи деректерден хабардар болғанын айтты.
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
26
қазан
2022
«Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу"
  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Кел, кітап оқиық!» тақырыбындағы "20 минуттық оқу" жалғасын табуда. 2 "Д" сынып оқушылары, жетекшісі Л.Абенова балаларға арналған ертегі кітабын оқып, Мысық, тышқан және ит ертегісін талқылады. Балалар ертегідегі кейіпкерлерді сомдап, диалог құрды.