01
желтоқсан
2022
"АШЫҚ ЕСІК КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтасты нығайту, ата-аналарға жаңартылған білім мазмұнының тиімділігін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы №68 жалпы орта мектебінде қараша айының 29 күні 7"ә"-сынып ата-аналары үшін "Ашық есік күні" шарасы өтті. Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі М.А.Қосыбаева "Постулаты здоровья" атты сабағын өтті. Сабақта бейнебаян көрсетіліп, оқушылар өз ойларын айтты.