"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
03
желтоқсан
2022

"БҰРЫМДЫ ҚЫЗ" БАУҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

   Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...  деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында № 68 жалпы орта білім беретін мектебінің  6-7 сынып қыздары арасында «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Байқауда өзінің шашбаулы бұрымымен 7"г" сынып оқушысы Әмірқұл Аяужан "бас жүлде" иеленсе, қолаң шашымен 6"б" сынып оқушысы Райымбек Айна 1-орын, қайратты шашымен 6"д" сынып оқушысы Нұржан Айару мен 7"в" сынып оқушысы Орынбек Қарақат 2-орын, Асханбаева Ғалия 7"а" сынып оқушысы 3-орын иегерлері атанды.









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив