30
қараша
2022
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 "в" сынып жетекшісі Н.Дүйсенбаев сынып оқушыларымен Шерхан Мұртазаның "Интернат наны" шығармасын оқып, талқылады. Мақсаты: Шерхан Мұртазаның өмірі туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқып, мазмұндау. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту, өз ойларын еркін айтуға дағдыландыру. Кейіпкер бойындағы батылдыққа, алғырлыққа, қайсарлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.










