Іс-шаралар » Страница 30 » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ-ОТБАСЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ
14
ақпан
2023
"ТӘРБИЕНІҢ ЕҢ ТАМАША МЕКТЕБІ-ОТБАСЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ
     География  пәні мұғалімі  және педагог-психолог Г.М.Шынтаева  7 «Ә» сынып ата-аналарына «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында тренинг жұмысын  жүргізді. Мақсаты, отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру. Мұғалім мен отбасы арасындағы қарым-қатынас стратегиясын арттыру.
"ҚОС БӘЙТЕРЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
14
ақпан
2023
"ҚОС БӘЙТЕРЕК" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ
    Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі С.С.Бегимбетова 7«В» сыныбына қазақ тілі сабағынан "Қос бәйтерек" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар М.Шаханов пен Ш.Айтматовтың «Қос бәйтерек» романын оқып, қос жазушының достығы туралы білді. Сабақ барысында оқу мақсатына сәйкес топтық, жұптық, жеке тапсырмалар орындалды. Оқушылар стиль түрлерін ажыратып, тілдік ерекшелігінің жанрын анықтап, еліктеу сөздердің мәнмәтінде қолдануын білді.
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ"
13
ақпан
2023
"20 МИНУТТЫҚ КІТАП ОҚУ"
    «Oқуға құштар мектеп» жобасы аясында шетел тілі пәні мұғалімі Г.Акилова  6«В» сынып оқушыларымен кітапханаға келген жаңа кітаптардың ішінен Зира Наурызбай мен Лиля Калаустың «Бату мен достарының барсакелмес еліне саяхаты» атты кітабын оқып, өзара талқылады. Мақсаты, ертегіні оқып қана қоймай, тарихи деректерден хабардар ету, адал достықты насихаттау. 
"ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
13
ақпан
2023
"ПОЭЗИЯ, МЕНІМЕН ЕГІЗ БЕ ЕДІҢ?" АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
      Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тілім менің-сарқылмас қазынамсың!» тақырыбында өткізілген апталық барысында поэзияның асқар шыңы- Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Поэзия, менімен егіз бе едің?» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Жыр кешінде өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын туралы оқушылар сыр шерте отырып, өлеңдерін жатқа мәнерлеп айтып, әндерін орындады.  «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрсетілген сахналық қойылым оқушылардың
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
11
ақпан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша 9«В» сынып оқушылары Бекжанова Ақниет және Жұманова Маржан "20 минуттық кітап оқу" шарасын өткізді. Шара барысында Ыбырай Алтынсариннің «Мұңсыз адам» кітабын оқып, оқушыларға қанағат ете білуді, сабырмен бәріне жете алуды, әр күнге риза болуды, армандарға талпынуды үйретті.
«Болашақ – білімді жастардың қолында» тренингі.
11
ақпан
2023
«Болашақ – білімді жастардың қолында» тренингі.
     Көркем еңбек пәні мұғалімі  З.Б.Аблаева және педагог-психолог Г.М.Шынтаева  оқушыларға мамандық таңдау бойынша  бағыт-бағдар  беріп, тест жұмыстарын  жүргізді. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта- ықыласын арттыру. Жеке тұлғаның кәсіптік мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен  факторлары туралы түсінік беру. 
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
10
ақпан
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
    "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында, «20 минуттық кітап оқу» бағдарламасы бойынша мектебіміздің 7«Ғ» сынып оқушылары Алдаберген Аяна мен Батыр Табиғат 7«Б» сынып оқушыларына  "Бақытсыз Жамал" кітабын оқып, түсініктерін айтты. "Менде оқыған кітапты сенде окы" демекші біздің мақсатымыз оқушылардың кітапқа деген құлшынысын арттыру.
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
10
ақпан
2023
"ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП" ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
     "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 6«А» сынып оқушылары Абылай Айсауле мен Қордабай Ұлболсын 7«Ғ» сынып оқушыларына «Әмина Тұранның көшпенділер еліне саяхаты» атты кітабын оқып, оқушылармен бірге кейіпкердің басынан өткендерін талқылады. Мақсаты, оқушылардың кейіпкердей қайсар мінезді, батылды, жігерлі болуға тәрбиелеп, кітап оқу арқылы зейіндерін ашу.
"ОЗАТ ОҚУШЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
09
ақпан
2023
"ОЗАТ ОҚУШЫ" АТТЫ ТРЕНИНГ САБАҒЫ ӨТТІ
  Мектеп психологы Г.Жұмахметова 3”Б” сынып оқушыларына “Озат оқушы” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың оқуға құштарлығын арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушылар тренингке өте белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға  өз ойларынан қысылмай ашық айта білді.
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" ӨТКІЗІЛДІ
08
ақпан
2023
"АДАЛДЫҚ САҒАТЫ" ӨТКІЗІЛДІ
    Өзін өзі басқару ұйымы Мектеп Парламетінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ұланбасшысы 8«Г» сынып оқушысы Мұстафа Мерей 7-8 сынып оқушыларымен   "Жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында "Адалдық сағатын" өткізді. Мақсаты: «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.