27
сәуір
2023
"ҮЗДІК ОҚЫРМАН" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Мектеп кітапханасында кітапханашы меңгерушісі Х.Қуашбаева мен Л.Лауланбековалардың ұйымдастыруында 3-4 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман» байқауы өткізілді. «Үздік оқырман» байқауына жыл бойына кітап алып оқыған оқушылар қатыстырылды. Қатысқан оқушылар өздерінің оқыған кітаптарының мазмұнын айтып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Байқауда 3"а" сынып оқушысы Шернияз Қарақат, 3"в" сынып оқушысы Тойболсын Нұртас, 4"а" сынып оқушысы Ердали Хадижалар ең үздік оқырман деп танылса, қалған қатысқан оқушылар "Білімді оқырман", "Белсенді оқырман" номинациясы бойынша марапатталды.








