30
сәуір
2023
Наурыз мерекесі
№68 жалпы орта білім беретін мектебінде "Azat" БПҰ-ның төрайымы Сәбитова Алия Әлиханқызы, ауыл биі Шыныбеков Бәкір Убайдуллаұлы, №34 "Ақ желкен" балабақша ұжымы және де мектеп ұжымының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары біріге отырып Наурыз мерекесін атап өткізді. Күн мен түн теңесетін, жан-дүниемізді шуаққа бөлеп, ой-ниетімізді таза арнаға бұратын ерекше мейрамға Еңбекші ауданы әкімі Досбол Күздікбайұлы, Қалалық мәслихат депутаты Мұратәлі Оразалыұлы, Муаз ибн Жәбәл мешітінің бас имамы Руслан Бөбейұлы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құрманбек, "Ұстаз жолы" газетінің бас редакторы Ұлжан Миятқызы, ата-аналар комитетінің төрайымы Қ.Аманбаева қатысып тұрғындарға ақ тілектерін білдірді. Ауыл тұрғындары Отанымыздың гүлденуіне үлес қосқан үшін "Аманат" партиясының және "Ұстаз жолы" газетінің алғыс хаттары мен төс белгілерімен марапатталды. Мейрам қазақтың салт-дәстүрлері тұсау кесер, қыз ұзату, алтыбақан тебуі, әжелердің алтыауызымен, жастардың айтыс айтып, ән салып, би билеуімен және де спорттық сайыстарымен жалғасын тапты.