29
тамыз
2023
МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалына қарасты «Береке» партия ұйымымен бірлескен Конституция күніне орай, №68 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында өзара байланысты нығайта түсу үшін және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлық бірлестік мұғалімдері белсене қатысты. Қазақстан Республикасының Ата Заңы біздің еліміздің дамуына жол ашып, жаңа тәуелсіз мемлекет буынының бекуіне себеп болды. Біздің міндетіміз Қазақстан Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияны қатаң ұстану. Басты талап – Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп қорғау, оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау Республикамыздың әрбір азаматының міндеті мен парызы болуы тиіс. Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.