08
желтоқсан
2021
"Балалық шақ-зорлық зомбылықсыз"
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №68 ЖОББМ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Өмірбаева Айгул Абдуллақызы 9"А" сыныбымен "Балалық шақ-зорлық зомбылықсыз" тақырыбында ашық сабақ өтті. Балаларға көрсетілетін зорлық-зомбылық тың барлық түрлерінің алдын алу және жою мақсатында бірқатар стратегияларды іске асыру маңызды, оның алдын алу барлығы үшін керек екендігін толық түсіндірді. "Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты қасиет бірінші орында екенін атап өтті.