23
тамыз
2023
"МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
Жыл сайынғы өткізіліп жатқан «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жаңа 2023-2024 оқу жылында да жалғасын табуда. Биылда қайырымдылық акциясы мектебімізде ұйымдастырылып, әртүрлі санаттағы көмекке мұқтаж отбасыларына демеушілер қолдау көрсетті. Атап айтсақ, Еңбекші ауданы «Аманат» партиясы есепке тіркеу және статистика секторы меңгерушісі Оралтай Әсел Сағынғалиқызы, Еңбекші ауданы "Аманат" партиясының "Береке" бастауыш партия ұйымының төрайымы, Еңбекші аудандық партиялық бақылауының төрайымы Сабитова Алия Алиханқызы және де мектеп директоры Пржанова Гулнур Аскербекқызының тарапынан көрсетілген көмегі мен қолдауының үлесі зор. Демеушілер оқушыларымызға сумка, мектеп оқу құралдары және де сырт киім, аяқ киімдерімен қамтамасыз етті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» демекші балаларымызға қолдан келген жәрдемін ұсынып, көтеріңкі көңіл сыйлаған демеушілерімізге ризашылығымызды білдіріп, алғыс айтамыз!