«1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай
30
қараша
2021

«1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай

Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары ұстаздар қауымынан қолдау тапты
30.11.2021ж. Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы төрағасының орынбасары М.О.Қалмұратов және Қаратау ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының 1 ші орынбасары Ә.Р.Иманқұлов, Азат БПҰ төрайымы А.А. Сәбитова «1-ші  желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай №68 жалпы орта білім беретін мектебіне келіп, мекептің тыныс тіршілігімен танысып, партия мүшелігіндегі мұғалімдермен, Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге ұстаздар қауымы, Азат шағын ауданының тұрғындары қатысты.
Кездесуде сөз алған Қалмұрат Мұратәлі Оразұлы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының маңыздылығына тоқталды. Жеті тұғырды еліміздің әрбір азаматына жеткізіп, болашақ ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығын алға тартты. 
Еске салайық, 23 қараша күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады. Жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынған еді. «Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар», - деген Нұрсұлтан Назарбаев «жеті тұғыр» деп атаған ұғымдарға жеке-жеке тоқталды. Олар: 
Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық. 
Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры. 
Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы. 
Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.
 Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі. 
Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті. 
Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі.












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив