15
мамыр
2023
‘’ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ’’ АТТЫ ТРЕНИНГ
"Мейірім—жүректен" атты айлық жоспары аясында және 15-мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай мектебіміздің педагог-психологы Г.М.Шынтаева 8 ‘’Б’’ сынып оқушыларымен ‘’Отбасы - бақыт мекені’’ тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг мақсаты, оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата–анасын сыйлауға, кішіге қамқор тату болуға тәрбиелеу.Міндеті, баланың ата–анаға деген махаббатын ояту, жанұядағы ата–ана және бала арасындағы қарым–қатынасты нығайту. Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, көңіл–күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.





