13
ақпан
2022
"Жүрек жылуы" атты тренинг
Мектеп басшысы Гүлнұр Әскебекқызының басшылығымен , мектеп психологы Г.Шынтаева, ұйымдастырушы педагог Л.Элмуратованың ұйымдастыруымен 11"А",11"Ә",11"Б" сынып оқушыларының ата-аналары арасында "Жүрек жылуы" атты тренинг өтті.
Тренинг мақсаты: бала біздің болашағымыз, ертеңгі үміт артар жалғасымыз екендігін қалыптастыру. Бала әрқашан да ата-анадан мейірім, сүйіспеншілік,жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі етіп санайтынын ұғындыру.
Тренинг барысында: ата-аналар өздерін балаларын таныстырды. Музыка, жүрек, шапалақ әдісі арқылы жүрек жарды тілектерін айтып, ыстық лебіздерін білдірді. Ата-аналар ұл-қыздарының жазған хаттарын тыңдап , қуанышқа бөленді. Мағыналы үнсіз видеоны тамашалап, әр ата-ана өз ойларымен бөлісті. "Бақыт рецептісін"оқып , мазмұнды ой түйді.
Тренинг соңында: мектебіміздің басшысы Гүлнұр Әскербекқызы Жапырақ тамырдан нәр алатындығы іспетті, баланың дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор,іскер, ұлтжанды, игі қасиеттерді қалыптастыру, тәрбиелеу ең алдымен тікелей ата-анаға байланысты екендігі жөнінде жеткілікті деңгейде түсіндірді.Ата-ананың шексіз махаббаты баланың өмірге деген құштарлығына жол ашатындығын, ата-аналар түсінісіп, сүйіспеншіліктерін білдірді.