Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында » №68 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«№68 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 48-31-84
Есепші бөлімі:
+7(7252) 48-31-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында
04
ақпан
2020

Қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру мұғалімнің өз қолында

        №68 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абуова Гульмира Жаксылыковна жоғары санатты, зерттеуші мұғалім. (2009,2014,2018 ж.) Еңбек өтілі 27 жыл.
        Өз ісіне берілген, уақытпен санаспайтын,жаңалыққа жаны құмар, шәкіртінің жанына нұр құйып жүретін ізденімпаз, шығармашыл  мұғалім. Мұғалім әр сабағын қызықты өткізіп, тақырыпты ашуда заманауи технологияларды пайдаланып, шәкірттеріне бар білген-түйгенін үйретуден жалыққан емес.
 «Білім және ғылым әлемі» - 2015 ж. / Алматы қ./
«Үздік мұғалімнің үздік сабағы» кітабы – 2015 ж./Шымкент қ./
«Шығармашылық жұмыстар» әдістемелік құралы – 2015 ж./ Алматы/
«Кембридж тәсілі бойынша үш айлық курс тыңдаушыларының эсселер жинағы»  2013ж.
«Шығармашыл ұстаздан – білімді шәкірт» әдістемелік құралы (1 бөлім) -2015 ж. /Алматы/
«Ізденіс жолы» журналы -2017 ж.
«Макаренконың 130 жылдығына» орай республикалық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама-2018 ж. Диплом – І орын./Алматы/ баспаларында білім саласындағы еңбектері жарияланған.
Бала оқытудағы мұғалімнің көпжылдық еңбегі, бірнеше рет  қалалық, облыстық, республикалық Алғыс хаттар мен дипломдармен марапатталған.
«ҚР Білім министрінің алғыс хаты» 2017 жылы. /Е.Сағадиев/
ОҚО «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хатымен» марапатталды.  /2017 жыл. Н.Жолдасов/
        Бүгінгі мұғалім жылдам дамып келе жатқан қоғам мүддесіне сай қызмет етіп, кәсіби біліктілігін жетілдіріп, ұстазға тән қасиеттің барлығы бойынан табылып тұруы тиіс. Қоғамдағы мұғалімнің мәртебесін арттыру, мұғалімінің өз қолында екені анық. 
Абуова Гульмира Жаксылыковна 19-26-қаңтар аралығында  Туркия мемлекеті, Стамбул қаласында «ІІІ Global Teaching Forum Qazsaq »  атты Халықаралық шараға қатысып, өз білімін халықаралық деңгейде көтеріп келді. Форумның негізгі мақсаты: мұғалімнің мәртебесін халықаралық деңгейде көтеру, ұстаздарды қолдау, Қазақстан мемлекетінің білім беру сапасын арттыру және жағымды имидж қалыптастыру. Ашық аспан астындағы   7 дәріс сабағы мына бағыттарда өтті. 
       Форум соңында ұйымдастырушылар мұғалімдерді  Қазақ -Түрік тіліндегі халықаралық санат көтеру дипломымен, қатысқаны үшін арнайы сертификатпен және «Үздік педагог» төсбелгісімен марапаттады.
       Әріптестері Г.Ж.Абуованы үлгі тұтады.Жеңісіңіз құтты болсын құрметті әріптес.
                                                                                                       Мектеп ұжымы









Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив