15
мамыр
2022
«АЯУЛЫ АЛАҚАН» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
№68 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Г.А.Пржанова мен мектеп педагог-психологы Г.М.Шынтаева 15-мамыр "ОТБАСЫ КҮНІ" мерекесіне орай ата-аналар және оқушылармен «Аяулы алақан» тақырыбында семинар тренинг өткізді. Тренинг мақсаты отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Ата - аналарды өздерінің балаларының жан - дүниесін түсінуге , бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін - өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата - аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Тренинг барысында мектеп директоры Г.А.Пржанова мен мектеп педагог-психологы Г.М.Шынтаева «Таңдау суретті тест», «Менің отбасым», «Графикалық тест», «Отбасы қамқоршысы», «Қызықты сұрақтар» жаттығулары, бейнеролик қолдана отырып жүргізді. Ата-аналар мен оқушылардан тренинг соңында кері байланыс алынып, өз ойларымен бөлісті.