23
желтоқсан
2022
"ТАУ ТҰЛҒА ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАНЫ-БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ" АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
Қазақтың біртуар ұлы, кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлы туралы білмейтін қазақ кемде-кем. Ол – ел басына күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, ер етігімен су кешкен кезде ел мүддесін қорғаған қаһарман, дара тұлға. Даңқты қолбасшының арманы Тәуелсіздік еді. Бүгінде батыр атамыздың арманы ақиқатқа айналып, Қазақстан – егеменді ел. Ал егемен елдің ұландарының қасиетті парызы – азаттық үшін арпалысқан ұлт перзентінің есімін жадында мәңгі сақтау. Осы орайда Шымкент қаласы, №68 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тау тұлға қазақтың қаһарманы – Бауыржан Момышұлы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға "Қарулы Күштердің ардагері" Республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қаласы филиалының төрағасы запастағы полковник Оңбаев Серикбай Мейрбаевич, Қалалық қорғаныс департаменті бастығының орынбасары Мадияров Ринат, Қалалық білім Басқармасы алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Нұсқабаев Бақытжан Қалтайұлы және «Жас сарбаз» сыныптарының жетекшілері келді.



































































