15
ақпан
2022
"Ашық сабақ"
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығына орай А.Жанысбекова 11 «А» сыныбында «Әлем және Қазақстандағы миграция» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалім сабақты география пәнімен байланыстырып, сабақта бірлескен топтық, жұптық, жеке жұмыстар орындалып тақырыпқа сәйкес «Swot» талдау жасатылды, мақсатты жүзеге асыруда шағын мақала жазып, интервью сұрақтары құрастырылды. ҰБТ-ға дайындық ретінде оқу сауаттылығы бойынша жұмыс жүргізілді.





