11
ақпан
2022
Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа», «Жолдама жайында» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ
Шымкент қаласы 68 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жекебаева Кенжегүл Бегімшеқызы 10.02.2022ж күні 5 "Д" сыныбында Б. Соқпақбаевтің «Менің атым Қожа», «Жолдама жайында» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақ ұйымдастыру кезінде қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді 1топ «Қожа», 2топ «Жантас», 3топ «Жанар» топтарына бекітілді. Үй жұмысы сұрақтар қою арқылы бекітілді . Сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында жұлдызшамен бағаланып отырылды. Саралау жұмыстары алынып , сабақты қорытындылау кезеңінде кері байланыс арқылы білімдері пысықталды.




