26
желтоқсан
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы
Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ұйымдастырылған "Өзін-өзі тану адамгершілік бастауы" тақырыбында қалалық- тәжірибелік семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ә. Кенжеғұлов, А.Жанысбекова, Ж.Артыкбаевалар "Оқуға құштар мектеп" жобасының асында 10 сынып оқушылармен Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін талқылап, XIX-XX ғасырдағы және қазіргі заманғы жас буынға үміт артып сенім білдірген ақын жазушылардың өлеңдерін талқылады.
Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып көркем әдебиет оқуға ынталандыру. Көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету.
Сабақ тарих, өзін өзі тану пәндерімен байланыстырылып, түрлі сұрақтарға талқылау жасалды. Оқушылар "сенім" сөзінің білдіретін мағынасын түрлі дәйексөз арқылы ашып, " Жастар деп кімді айтамыз?", "Елімізде жастарға қандай жағдай жасалғандығы туралы сөз қозғап, Мағжан сенген жастар бүгінгі таңда бар ма? деген сауалға жауап іздеп, жастардың қазіргі кездегі мүмкіндіктерін, қауіптерін, күшті және әлсіз жақтарын жазып «swot» талдау жасады. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өздерінің ой өрісін, ойлау қабілетінің жоғары екендігін, оқуға, білімге құштар екенін көрсете білді.